...
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде "Орай шап" жинағының тұсаукері өтті

Өскеменде "Орай шап" жинағының тұсаукері өтті

22-маусым күні Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен еліміздің ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған мәдени шара - «Орай шап» көтерілісі» жинағының тұсаукесері өткізілді.Жиналғандарға алдымен осы көтерілістің мәнін ашатын, кейінгі ұрпақтың ата-баба рухын қалай қастерлеп жүргендігін паш ететін шағын бейнефильм көрсетілді.

Одан соң сахнаға журналист, жазушы Айтмұхамбет Қасымов, Жуандық Адайханов, Қуандық Шегіров, Дарын Нұрсапаров көтеріліп, жиналған көпшілікке кітап туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Жинақ тек мақалалар жиынтығынан құралмаған. Тайынтыдағы көтеріліске байланысты Қазақстан Республикасының Орталық мұрағаты мен Омбы облыстық мұрағатында жатқан ақ патшаның әскери билік құрылымдарының өзара жазысқан біраз ақпараттық деректері қоса берілген.

«Орай шап көтерілісі» жинағының көтеріп тұрған жүгі ауыр. Өйткені, шығарушылар алқасы бір ғана көтеріліс шеңберінде қалып қоймаған. Олар шежіреден бастап, бүкіл Өтеміс руының тарихын бір арнаға тоғыстырған. Ана бір заманда өткен батырлар мен бағыландар, елге сыйлы болған билер мен болыстар, жауырыны жерге тимеген небір апайтөс палуандар жайлы қызыға оқитын дүниелер баршылық. Отызыншы жылдардағы кеңестік зобалаң, кешегі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ел басына түскен ауыртпалықтар, бүгінгі Тәуелсіздік алған заманымыздағы ел тынысы да назардан тыс қалмаған.

Танымал өнерпаз Гуля Касенованың әсем әнімен, ақындардың жалынды жырларымен өрнектеліп отырған осы кеште көпшіліктің қошеметімен аталған кітаптың тұсауын кесу рәсімі өтті. Мұндай құрметке ие болған танымал қаламгер-журналистер Мұрат Әміренов, Шәкерхан Әзмұхамбетов, Шығыс Қазақстан өнер музейі директорының орынбасары Татьяна Германовна Шарабарина және Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы Оразай Сыдықов авторлар ұжымына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Авторларға музейдің атынан кәдесыйлар тапсырылды.

Маржан Бахтиярова,ШҚ өнер музейінің қызметкері
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде