USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сібе көлдерінің жағасындағы жекеменшік жерлер түбегейлі тексеріледі

Сібе көлдерінің жағасындағы жекеменшік жерлер түбегейлі тексеріледі

Облыс әкімі Даниал Ахметов Сібе көлдеріне дейінгі жолды жөндеуге қазынадан 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп отырғанын атап өтті.

Алайда, аймақ басшысы аталмыш демалыс орындарына қатысты біраз түйткілді мәселелердің басын ашты. Атап айтсақ, бірінші көл толық жекешлендірілген, екінші және үшінші көлдердің жағасы да жеке меншікке сатылып, демалыс үйлерінің құрылыстары бейберекет жүріп жатыр. Яғни, қарапайым қала тұрғыны үшін көл жағасында демалуда кедергілер бар.

Осыған байланысты әкім өзінің орынбасары Жақсылық Омардың жетекшілігіндегі комиссияны құруды, ол комиссияға Ұлан ауданының әкімімен бірлесе аталмыш рекреациялық аумақтағы жерлердің қашан, қалай және кімдерге үлестірілгенін, оның заңдылығын түбегейлі тексеруді, нәтижелерді тамыз айында баяндауды тапсырды.

Ержан Әбіш
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
2 комментария
  1. Майра
    Сонымен қатар, көлге демалуға кірген машинадан алынатын салықты да тексеру керек. Ол қаншалықты заңды? күзетшіміз деп жүрген адамдар (көлдің маңайы бәрі қоқыс) әрбір машинадан 500 теңгеден ақша алады, бірақ заңға сәйкес ешқандай түбіртек немесе кассалық чек бермейді. Ақыры ақша алып кіргізген соң жағдайды жасау кереку қой. Не бір дәретханасы, не бір тазалығы жоқ. Балалармен демалуға барсаң, маңайында неше түрлі әурет жердің қоқыстары шашылып жатыр. Охраниктерінен бастықтарың кім десем? ТОО Тұлпар дейді. Сонда осы тоо тұлпары мемлекеттік жерден өз пайдасына ақша жасап отыр деген сөз ғой. Бірақ Ұлан ауданының әкімі бұл мәселені растамайды. Бізде бәрі дұрыс. Ондай нәрсе жоқ деп қояды. Ал сонда кім біледі мұны?
  2. Еркін
    Иә, тура осылай. Үшінші көлге барып едім демалыста бала-шағаммен, охраниктерге кіру ақысын төледім, бірақ квитанция берген жоқ. Айнала мусорға толып жатыр. Табиғатты қорғайтын орындар неге қадағаламайды екен?
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде