...
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Даниал Ахметов әлеуметтік желілердегі жұрт пікіріне жауап берді

Даниал Ахметов әлеуметтік желілердегі жұрт пікіріне жауап берді

Облыс әкімі Даниал Ахметов жуырда облыстың медициналық мекемелеріне табысталған «УАЗ» маркалы жедел жәрдем көліктеріне қатысты Интернет желісінде тарап жатқан пікірлерге байланысты жауап берді.

Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде кейбір азаматтар неліктен шетелдік замануи көліктердің алынбағанын айтып, өз наразылықтарын жазған екен.

– Облыс аумағында 14 мың шақырымнан астам асфальт төселмеген қара жол бар. Ал, аудан орталығынан шалғай елдімекендер қаншама. Сондағы тұрғындарға тез жету үшін жол талғамайтын осындай машиналар қажет. Әлбетте, біз немістің немесе жапонның көліктерін де алар едік, бірақ олар, біріншіден, 17 есеге қымбат, екіншіден, әлгі жырақтағы ауылдарға жете ала ма, әсіресе, қарлы қыс пен батпақты күндері?! Сонымен қатар, бәзбіреулер айтқандай аталмыш автокөліктер – ресейлік емес, жекелеген бөлшектерінің Ресейден әкелінетіні болмаса өзімізде құрастырылған отандық өнім, – деді облыс әкімі.

Ержан Әбіш
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде