...
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жетінші қабаттан құлап кеткен бала аман қалды

Жетінші қабаттан құлап кеткен бала аман қалды

Ақтаудағы 17-ші ықшамауданда орналасқан Green Park тұрғын үй кешенінде бүлдіршін терезе алдында ойнап отырып, жетінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға 21 маусымда кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды "Лада".

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін металлдан жасалған торға түскендіктен аман қалған. ТКШ қызметкерлерінің бірі торға түскен балаға қозғалмай, қорықпай отыра тұруын айтыпты. Ал өзі осы уақытта сатыны қойып, баланы түсіріп алыпты. Бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер баланың зақым алмағанын айтты.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Осы оқиғаға байланысты жергілікті полиция тұрғындарға үйде бала болса, терезені ашық қалдырмауды кеңес етіп отыр.

tengrinews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде