USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыста таушымылдықтың тамырын қазу тоқтамай тұр

Шығыста таушымылдықтың тамырын қазу тоқтамай тұр

«Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері Күршім ауданының «Мохнатка» телімінде рейд жүргізу кезінде таушымылдықтың тамырын қазған ер адамды ұстады.

Мамандардың айтуынша, таушымылдық сирек кездесетін, құрып кету қаупі бар өсімдік түріне жатқызылғандықтан Қызыл кітапқа енген. Ал оңай олжа тапқысы келген қылмыскерде осы өсімдіктің отыз бес тамыры табылды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, қолға түскен тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар өсімдіктерді заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге салайық, таушымылдық еліміздің Шығысындағы таулы, орманды аудандарда өседі. Ерекше қасиетінің арқасында барлық аурулардың емі, яғни, панацеясы атанған өсімдіктің тамыры халық медицинасында кеңінен пайдаланылады. Одан әзірленетін пион тұнбасы тәбет ашып, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, әрі астың қорытылуын жақсартып, жүйкені тыныштандырады. Ал тамырында болатын құрттар өсімдіктің өзіне қарағанда әлде қайда бағалы. Құрттар кордицепс саңырауқұлағын жинауға қолайлы жағдай тудырады. Ал саңырауқұлақтарды арнайы технологиялар арқылы мықты иммуномодуляторға айналдыруға болады және одан басқа да емдік препараттар, биологиялық белсенді қоспалар жасалады.

Гүлжан Естаева
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде