USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды

ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар басқарма ұжымына жаңа басшы – Мұхамедчинов Азамат Маратұлын таныстырды. Ол аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Азамат Мұхамедчинов 1978 жылы 23 ақпанда Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан аймақтық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Жарма ауданының, Бақыршық ауылында, Бақыршық орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2002-2008 жылдары Риддер қаласында «Шаңырақ» орта мектебінде концертмейстер және домбыра үйірмесінің жетекшісі болған. 2008-2010 жылдары Риддер қаласының «Мәдениет сарайы» КМҚК директоры, 2010-2012 жылдары Риддер қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2012 жылдың сәуірінен Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып еңбек етіп келді.

Дарын Нұрсапаров
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде