USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көлікпен тоқтауға рұқсат берілген және тиым салынған жерлер туралы

Көлікпен  тоқтауға рұқсат берілген және тиым салынған жерлер туралы


– Жақында Өскемендегі көшелердің бірінде көлікпен келе жатып, дүкенге тоқтадым. Көп ұзамай жол сақшылары келіп, ереже бұзғанымды айтты. Аялдаманың айналасында көлік қоюға болмайтынын білгенмен, дүкеннің алдына көлікпен тоқтауға болмайтынын бірінші рет естідім. Сұрайын дегенім, тағы да қандай қоғамдық орындарында көлікті қоюға болмайды?

Айғаным Ермекова
Өскемен.

Сауалға облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев жауап береді:


Рұхсат беріледі:

1. Көлік құралына жолдың оң жағындағы жол жиегіне, ал ол жоқ болғанда – жолдың жүру бөлігінің шетіне аялдауға және тоқтап тұруға рұқсат беріледі.
Елді мекендерде әр бағыт үшін бір жүру жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және біржақты жүру жолдарында жолдың сол жағына аялдауға және тоқтап тұруға жол беріледі (рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т.-дан асатын жүк автомобильдеріне жүк тиеу немесе түсіру үшін ғана біржақты жүру жолдарының сол жағына тоқтауға рұқсат беріледі).
2. Конфигурацияны көлік құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкіндік беретін орындарды (жолдың жүру бөлігінің кеңейтілген жері) қоспағанда көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінің шетіне параллель бір қатарға қоюға рұқсат етіледі.
Жүру бөлігімен шектесетін, оған толықтай және ішінара кіретін тротуардың шетінде, егер бұл жаяу жүргіншілер жүрісіне кедергі келтірмейтін болса, жеңіл автомобильдердің, мотоциклдердің, мопедтердің және велосипедтердің тоқтап тұруына рұқсат етіледі.
3. Елді мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тоқтап тұруға осыған арнап көзделген алаңдар немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етіледі.

Тоқтауға тыйым салынады:

– егер трамвайлардың жүруіне кедергі келтірсе, трамвай жолдарына тікелей жақын жерде;
– теміржол өтпелерінде, тоннельдерде;
– эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде (егер осы бағытта жүру үшін жолақ үштен кем болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан);
– егер бұл көлік құралдарының жүруіне кедергі келтірсе, тоқтаған көлік құралы мен тұтас таңбалау сызығы (жолдың жүру бөлігінің шетін белгілейтіннен басқа) немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы шетінде тұрған көлік арасындағы қашықтық үш метрден кем болатын жерлерде;
– жаяу жүргіншілер өткелдерінде және олардың алдындағы бес метрден жақын жерде;
– ең болмағанда бір бағытта жолдың көрінуі бір жүз метрден кем болған кезде қауіпті бұрылысқа және жолдың бойлық қимасының дөңес құлдиламаларына жақын жолдың жүру бөлігінде;
– қапталдағы өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдардың жүру бөлігінің қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлігінің шетіне отыз метрден жақын жерде; аялдама алаңдарында және оларға 15 метрден жақын жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси аялдамасының нұсқағышынан 15 метр жақын жерде;
– көлік құралы басқа жүргізушілерден бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін көлегейлейтін немесе басқа көлік құралдарының (кіруіне немесе шығуына) мүмкіндік бермейтін немесе басқа көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін жерлерде.

Аялдап тұруға тыйым салынады:

– аялдауға тыйым салынатын жерлерде;
– бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен және нұсқағыштарымен белгіленген орындардан басқа елді мекендердің жолдарында және көшелерінде;
– эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде;
– елді мекендерден тыс жерлерде 2.1 жол белгісімен белгіленген жолдың жүру бөлігінде;
– теміржол өтпелеріне елу метр жақын жерде;
– егер елді мекендерде механикалық көлік құралдарының қозғалтқышы жұмыс істеп тұрып тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса;
– гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында.
Сонымен қатар, тоқтауға тыйым салынған жерде мәжбүрлі тоқтаған кезде жүргізуші көлік құралын ол жерден әкету үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Жол жүрісінің басқа қатысушыларына кедергі немесе қауіп келтірмейтініне көз жеткізбейінше көлік құралының есіктерін ашуға, оларды ашық қалдыруға немесе жолдың жүру бөлігіне шығуға тыйым салынады.

Әзірлеген – Ажар Сағатбекова
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде