USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мен әлі де өмір сүріп, әлі де сүйгім келеді - Баян Есентаева

Мен әлі де өмір сүріп, әлі де сүйгім келеді - Баян Есентаева


Соққыға жығылған продюсер Баян Есентаева қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түнерген сәттен кейін әрдайым күн шығады! Мен әрдайым білетінмін! Күнді бұлттармен, найзағаймен, жаңбырмен жабуға болады, бірақ шын мәнінде жарқыраса, шуағы міндетті түрде сыртқа шығады! Дұға тілеп, қолдау білдіргендеріңіз үшін, мейірімдеріңіз үшін және түсіністікпен қарағандарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамыз! Менің бар өмірім, бар үмітім, бар арманым тек жақсылықпен, мейірімділікпен, жарқын сәттермен байланысты болады! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында шығар, мен әлі де өмір сүргім келеді, сүйгім келеді!", - деп жазды Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Соңғы рет мамандар Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлаған болатын. "Емделуші әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Орташа ауыр деп айтуға болады", - деді аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам екі айға қамауға алынды.
.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
2 комментария
  1. Марфуға
    Баян Мақсатқызы 31 канал "Информбюро" жаңалықтар каналына өте жақсы сұхбат берді.Мен өз басым әйел ретінде Баян Мақсатқызын түсінемін және батыл шешімдер жасағаны үшін қолдаймын.Оның бұрынғы күйеуінің өз әйелін ұрып-соғуына ешқандай жол жоқ.Кім оған құқық берді?Сол себептен бұзақы тиісті жазасын алсын.Оны ақтап алудың ешқандай қисыны жоқ.
  2. жоха
    өте керемет жансыз сізге алла тағалам ұзақ ғұмыр берсін
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде