USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауыл имамы үйінде аюдың қонжығын асырап отыр

Ауыл имамы үйінде аюдың қонжығын асырап отыр
ШҚО, Ұлан ауданы, Герасимовка ауылының тұрғыны аюдың қонжығын асырап жұртты таң қалдырды. Кішкентай аю екі аптадан бері қолға үйретіп жатқан қожайынның бұйрықтарын да бұлжытпай орындайды екен. Тіпті, балалардан қалмай ойнап, өзенге бірге шомылады.

Ауыл имамы Раушан Зульфиев қонжықты егіс алқабынан тауып алыпты. Айтуынша, енесін браконьерлер атып алған көрінеді. Ал ол иен далада өлудің аз-ақ алдында қалған шынашақтай жыртқышты үйіне әкелуді жөн санаған. Бастапқыда оның бұл әрекетіне ауылдастары қарсылық білдірген. Қазір 3 айға толған Миша есімді қонжық көптің қаупін сейілтіпті. Иесінен ішетін сүті мен жейтін балын да дауыс шығарып сұрауды үйренген екен. Алғыс ретінде олардың беті-басын жалайтын көрінеді. Қонжықты қолда өсіруді ғаламтордан оқып біліп отырған Зульфиевтар оны зообаққа өткізгілері жоқ.

Раушан Зульфиев, Герасимовка ауылының тұрғыны:

-Адам өзінің мейіріміне бөлесе ешқашан бұл жыртқыш болмайды. Ол үйренеді адамға. Егер, бұған қатал қараса әрине жыртқыш болып өседі.

КТК
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде