USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мектептегі аға тәлімгердің еңбегі қалай есептеледі?

– Мен мектепте орта біліммен аға тәлімгер қызметін атқарып жүрмін. Үкіметтің жаңа 1193 қаулысы негізінде маған еңбекақы қалай есептелуі керек? Соған маманның кеңесін алғым келеді?

Самат Қалибекұлы
Зырян ауданы


Сауалға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбекке ақы төлеу басқармасының бас сарапшысы Ә.Алтынбекова жауап береді:

– Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Үкіметтің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен айқындалған.
Мектептегі аға тәлімгердің еңбегі қалай есептеледі?

Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық айлықақысын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақы мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Бүгінгі күнге базалық лауазымдық айлықақы мөлшері 17697 теңге.

Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуі негізінде тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Осыған орай, Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығы бекітілген.

Бұйрыққа сәйкес біліктілігі орташа деңгейлі тәлімгер лауазымы санатына қарай В4 буынына жатқызылған.
Бұдан басқа, қаулының 18-қосымшасында персоналдың жұмысын ұйымдастырғаны, «Аға» мәртебесі үшін БЛА-дан 25% мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде