USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да жылу құбырларының 60 пайызы, су және кәріз жүйесінің 68 пайызы тозған

ШҚО-да  жылу құбырларының 60 пайызы, су және кәріз жүйесінің 68 пайызы тозған

Елбасы ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асу барысын облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков баяндады.

Димитрий Гариковтың айтуынша, облыстағы жылу құбырларының 60 пайызы, су және кәріз жүйесінің 68 пайызы тозған.

Тозған дүниені жаңалау үшін облысқа ұлттық қор қаржысынан 8,492 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға өңір бойынша 26 жоба жүзеге асырылуда. Олардың басым бөлігі Өскемен мен Семей қаласының коммуналдық қызметін жақсартуға бағытталған.

Биылдың өзінде 4,46 млрд. теңгеге 14 жаңғырту жобасын жүзеге асыру көзделген. Соның арқасында жаңадан үш шақырым жылу желісі, 186 шақырым су құбыры, төрт шақырым кәріз желілері салынады.

Аталған шаралардың арқасында жылу желілерінің тозуын 47 пайызға дейін, су-кәріз жүйесінің тозуын 55 пайызға дейін азайту межеленген.

Д.Гариков аталған 16 жобаның ішінде тек Семейдегі бір жоба ғана мерзімінен кешігіп жатқанын атады. Қаланың №35 орамында жылу қазандығын орнату жобасы мердігер компанияның жауапсыздығынан кестеден кешігіп отыр. Бүгінде компанияға әкімдік тарапынан толассыз ескертулер түскен. Іс осылай жалғаса беретін болса, сот арқылы келісімнің күші жойылатыны да ескертілген.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде