USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев жаз айларында қаланың қалай өзгеретінін айтты

Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев  жаз айларында қаланың қалай өзгеретінін айтты

Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев жаз айларында ауқымды абаттандыру жұмыстары атқарылатынын жеткізді.

Атап айтсақ, Стрелка ықшам ауданындағы «Даңқ» мемориалының маңайы, Протозанов пен Крылов көшелері арасындағы Үлбі жағалауы және «Сәулетай» балалар бағының аумағы өзгеше түрге енбек. Бұл жерге жаңа жарық бағаналары орнатылады, жаяу жүргіншілер жолдарының плиталары ауыстырылады, газон, ағаш көшеттері, веложол, балаларға арналған түрлі ойын алаңдары салынады. Сонымен қатар, бұл аудандарда «Стрит воркаут» типті тренажерлері бар спорт алаңдары пайда болмақ. Жобаны жүзеге асыруға қала қазынасынын 550 миллион теңге бөлініп отыр.

Мұнымен қоса, Суретшілер үйінен Амурская көшесіне дейінгі аралықтағы Комендантка өзенінің жағасы жаңартылады. Бұл жерде де шамдар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жаяу көпірлер орнатылып, жүргіншілер жолы кеңейтіледі, ағаштар егіледі, тренажерлы спорт алаңы мен веложол салынады. Өзен сағасы бекітіліп, бірнеше су тоғаны жасалады. Жобаға тұрғындар мұқтажына қарай екі әжетхана да енгізіліпті. Абаттандыру жұмыстары Назарбаев зияткерлік мектебінің, Металлургтер Мәдениет үйінің маңын, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы аллеяны және де Молдағұлова көшесінен Прииртышская көшесіне дейінгі аумақты да қамтитын болады.

Ержан Әбіш
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде