USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Шарапат» жобасын ұйымдастырушылар қайырымдылыққа заңды түрде кірісті

«Шарапат» жобасын ұйымдастырушылар қайырымдылыққа заңды түрде кірісті

Биыл көктемде казнетте трендке айналған қозғалыстың бірі #шарапат (#қайырымдынан) жобасын ұйымдастырушылар қайрымдылық шараларын жалғастыру үшін, ұйымдарын заңдастырды. Бұрын Facebook әлеуметтік желісіндегі, өскемендік «fb_16_uka» қауымдастығы атынан түрлі игі шараларды ұйымдастырып жүрген топ мүшелері бүгінде үкіметтік емес ұйым құрып, қайырымдылыққа түбегейлі бет бұрды. Бастапқыда «Цыпленок» Қоғамдық Бірлестігі мемлекет қамқорлығындағы немесе жағдайы төмен асыраушысының қарауында қалған 5 жасқа дейінгі балаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Жұмысы жаңа басталған үкіметтік емес ұйым қазіргі күнге дейін ірі кәсіпорындармен келісімшарт жасасып жатыр. Алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған KAZ Мinerals компаниясының қызметкерлері болды. Одан түскен қаржыға Өскемендегі Сәбилер Үйінің тәрбиеленушілеріне әртістердің қатысуымен түрлі қойылымдар қойылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды, балаларға қажетті жаздық киімдер мен аяқ киімдер алынған. Сәбилер Үйі ғимаратының ауласына құм салғыш қорапшалар кешенін орнату жұмыстары қолға алынған. Ал, өмірдің тепершігін көрген жағдайы нашар жас аналар паналаған Аналар Үйіндегі бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтар сыйланған.

- Қайырымды істе мемлекеттен жәрдем күтпей, шетелдік ұйымдардан қаржы алмай-ақ, жергілікті азаматтардың қолдауына ие болып, сауапты іске ел-жұртты жұмылдыру, мейірімділікті насихаттау біздің негізгі арманымыз. Бірлестік жұмысы тек 5 жасқа дейінгі жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған балалармен шектелмейді. Бұл тек бір саласы ғана, - деді блогер Ринат Халиков.

Атқарылып жатқан қайырымдылық жұмыстарына әрбір шығысқазақстандық та кез-келген уақытта қатыса алады. Аталған мақсатты іске асыру үшін, бірінші рет Қазақстанда «Цыпленок» ҚБ «Beeline» ұялы байланыс операторымен бірлесіп, ірі жобаны іске асырды. Бірлестікке «Beeline» компаниясы арнайы 3540 нөмірін табыстады. Аталған нөмірге қүны 200 тг құрайтын смс-хат жолдаған әрбір қазақстандық игі шараға қатысып, қайырымдылыққа өз үлесін қоса алады. Ал байланыс операторы нөмірге жұмсалатын шығынды өз мойнына алып, тұскен қаржыдан комиссиялық өтемақы алмайтын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде