USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Жайдарман Барысы». Көңілді әрі тапқырлар боз кілемде кездесті

«Жайдарман Барысы». Көңілді әрі тапқырлар боз кілемде кездесті

2016 жылдың 11 шілдесінде Шәкәрім университетінің №2 спорткешенінде «Жайдарман Барысының» бірінші турнирі өтті. Боз кілемде қаламыздың, Аягөз және Абай ауданының жайдарманшылары белдесті. Көңілді әрі тапқырлардың барысының ұйымдастырушылары Шәкәрім университетінің белсенділері және «Қазақстан КВН Одағы» РҚЖБ «Семей КВН» филиалы. Құрметті қонақтар ретінде, кешке семейлік палуандар Айбек Нұғыманов және Мухит Тұрсынов қатысты.

Жайдарманшылар сайыс барысында көтеріңкі көңіл күймен қоса, тыңғылықты дайындықты көрсете білді. «Жайдарман Барысының» жеңімпазы Шәкәрім университетінің «Альянс» КВН командасының ойыншысы Ернұр Алпысбаев атанды. Ақтық белдесуде Ернұр Абай ауданынан келген Магжана Есимхановты жеңді.

«Жайдарман Барысы». Көңілді әрі тапқырлар боз кілемде кездесті

«Жайдарман Барысының» жеңімпазы Ернұр Алпысбаев : «Ашығын айтқанда, жарысқа ұзақ уақыт дайындалдым. Алайда, қобалжығаным да бар. Дегенменен, бірнеше жыл бұрын дзюдомен айналысқаным бүгінде маған көмек болды деп есептеймін. Әрине, жанкүйерлерімнің көмегісіз болмады. Барлығына алғысым шексіз. Әсіресе, «Жайдарман барысының» ұйымдастырушылары Шәкәрім университетінің ұжымы мен «Қазақстан КВН Одағы» РҚЖБ «Семей КВН» филиалына рахмет!»

«Жайдарман Барысының» жеңімпазы мен жүлдегерлеріне мадақтау қағазымен құнды сыйлықтар табысталды.

Сайыс соңында, сайыстың қадірлі қонақтары Айбек Нұғыманов және Мухит Тұрсынов «Жайдарман Барысы» дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұруына ниет білдірді.

Маржан Смайлханова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде