USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Полицейлер куәгерсіз көлігімнің жүк салғышын тексере ала ма?

Полицейлер куәгерсіз көлігімнің жүк салғышын тексере ала ма?
- Қала ішінде, қала сыртында жол-патрульдік полициясының көлікті себепсіз тоқтатулары дұрыс па? Сондай-ақ, стационарлық бекеттерде тоқтатып, көліктің жүк салғышына дейін тексеріп жатады. Мұндай жағдайда куәгер шақыртуға міндеттімін бе?

Дархан Қасымбаев
Үржар ауданы.


Сауалға облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жұмаділов жауап береді.

- Жол-патрульдік полициясының жол жүру ережесін бұзған көлікті тоқтатуы дұрыс. Сонымен қатар, ұрланған көліктерді іздестіру мақсатында, жол-көлік оқиғасы мен басқа да қылмыстар орын алып, көлікпен қашып кеткен кездерде нұсқау берілген көліктерді тоқтатуы мүмкін. Жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде «Жол жүрісі туралы» Заңның 54 бабы, 3 тармағы, 1-тармақшасына сәйкес көзделген құжаттарды тексереді. Полиция бекеттерінде, бақылау-өткізу пунктерінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатында көлік құралдарын тоқтатуға рұқсат берілген. Жол жүрісін реттеу кезінде де көлігіңізді тоқтатуы ықтимал.

Ал постарда жол-патрульдік полициясы көлігіңіздің жүк салғышын тінте алады. Алайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 792 бабы, 2 тармағы бойынша көлік құралдарын екі куәгердің қатысуымен уәкілеттілік берілген адамдар жүргізеді. Егер куәгер тарту мүмкін болмағанда, зерттеп-қарау жұмыстарының барысында техникаларды қолдануға болады.

Көлігіңізді тоқтатып, инспектор өзін таныстырғаннан кейін сіз жүргізуші куәлігіңізді немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікті ұсынуыңызға болады. Жеке басыңызды куәландыратын құжатты да сұрай алады. Сондай-ақ, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатты және сақтандыру полисін көрсетесіз. Жолаушы тасымалдап келе жатқан жағдайда, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі полисін де сұрауы мүмкін. Егер көлік иесінсіз көлікті басқаратын болсаңыз, уақытша иеленуге және пайдалануға берілгенін растайтын құжат қажет.

Әзірлеген: Мерей Қайнарұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде