USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Чернобыль апатына қатысқандарға ақы төлене ме?

Чернобыль апатына қатысқандарға ақы төлене ме?
- Осыдан отыз жыл бұрын Чернобыль АЭС-ындағы апатты ауыздықтауға қатыстық. Содан бері тағайындалған зейнетақымыз бар. Биыл Чернобыль апатына 30 жыл толып, әр біреуімізге 100 мың теңгеден сыйақы беріледі деп еді. Сол ақыны әлі алғамыз жоқ. Қашан беріледі екен?

Катонқарағай ауданының бір топ Чернобыль АЭС-ындағы апатты ауыздықтауға қатысқан ардагерлер

Сауалға облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары М.Шаронова жауап береді.
- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5-ші сәуірдегі «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес 1986-1987 жылдарда Чернобыль АЭС-ындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға 6,19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап 13129 теңгені құрайды. Сонымен қатар, «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы бойынша 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-ындағы апатты жоюға қатысқандарға 2,13 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Қолданыстағы заңға сәйкес Чернобыль АЭС-ындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға басқа да төлемдер тағайындау қарастырылмаған.

Әзірлеген: Мерей Қайнарұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде