USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Баламның кінәсі дәлелденсе, менің көзімше атып тастасын - іздеуде жүрген лаңкестің анасы

Баламның кінәсі дәлелденсе, менің көзімше атып тастасын - іздеуде жүрген лаңкестің анасы
Іздеуде жүрген лаңкес Бақыт Қуанышбаевтың анасы ұлының кінәсі дәлелденген жағдайда одан бас тартанынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлсім Қуанышбаеваның айтуынша, ол баласының мұндай әрекетке барғанына сенбейді. Ол баласы кінәсін мойындаған жағдайда, одан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.

"Баламның мұндай әрекетке барғанына сенбеймін. Балам адамдарға сенгіш. Егер ол сонда өз еркімен барып, шынымен де кінәлі болса, ана ретінде айтамын, онда оны менің көзімше атып тастасын, мен оған қарсы емеспін. Естіп тұрсыздар ма! Мен оны бұлай тәрбиелеген жоқпын. Егер барлығы расталса, онда ол менің балам емес, ол бөтен адам. Бұдан басқалар сабақ алсын", - деді Гүлсім Қуанышбаева.

23 жастағы Бақыт Қуанышбаев Ақтөбедегі теракті бойынша іздестіріліп жатқандардың қатарында. Бұған дейін өңірлік ІІД қылмыскерлердің суреттерін жариялады. Олардың арасында Бақыт Қуанышбаев та бар.

Еске салайық, 5 маусым күні Ақтөбе қаласында кеңауқымды теракт болды. Қаланың үш ауданында болған атыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде