USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алматы мен ШҚО арасындағы ішкі туризм дамитын болады

Алматы мен ШҚО арасындағы ішкі туризм дамитын болады
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Шығыс Қазақстанға келгендегі басты мақсаттары тек қала нарығына өңірлерден сапалы өнімдерді тарту ғана емес, сондай-ақ аймақтардың агро саласын өрістетуге жол ашатын инвестиция құю екендігін атап көрсетті.
– Алматы тұрғындарына қазіргі кезде ең алдымен сапалы тауар керек. Шаһарға келіп жатқан азық-түліктің 37 пайызы – импорт, яғни шет елдерден. Жылына қала тұрғындары 1 миллиард доллар тұратын шетелдік азық-түлікті тұтынады. Осы тауарларды өзіміздің өнімдермен алмастырсақ, аталмыш қомақты қаржы елімізде қалып, өз экономикамызды дамытуға жұмсалады. Сол себептен біз қазір осы импорталмастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары.

Ал инвестиция құюға келер болсақ, алматылық қалталы кәсіпкерлер қазірдің өзінде Түркияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ресейдің экономикасына қаражат салуда. Енді билік оларға қаржыны шетелдік жобаларға емес, өз өңірлеміздегі табысты бастамаларға салуға шақырып отыр.

Туризм саласындағы әріптестік жөнінде айтқан Ерлан Әукебаев жылына тек қана Алматы қаласынан 70 мың адам Түркияға барып демалатынын мәлімдеді. Ұлттық валютамыздың девальвациясынан кейін олардың саны екіге кеміген. Енді сол қалған әлеуетті туристерді өз еліміздің демалыс орындарына тарту керек. Бұл ретте Шығыстың Алакөлі мен Көгілдір Бұғазы балама болуға әбден лайық.

Ержан Әбіш
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде