USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бұқтырма су қоймасында балық неден қырылды?

Бұқтырма су қоймасында  балық неден қырылды?
Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының өкілдері Зырян ауданы Огневка кентінің маңындағы Бұқтырма су қоймасы жағалауынан табылған өлі балықтардың неден қырылғанын анықтады.

Естеріңізде болса, 23 мамыр күні Огневка елді мекенінен алыс емес жерде тұрғындар өлі балықтардың жағалауда үйіліп жатқанын көріп дабыл қаққан болатын. Экологтар дереу өзен суынан сынама алып, тексеру жүргізген.

Алтай филиалының ғылыми ұйымы жүргізген ихтиологиялық сараптамаға сәйкес, балықтар механикалық әсердің салдарынан өлген. Нақтырақ айтқанда, Бұқтырма СЭС-нің турбинасына түсіп мерт болған.

«Су қоймасындағы балық қорына кесірін тигізетін СЭС-нің қызметіндегі заңсыздықтарды жою, сондай-ақ, табиғатты қорғау прокуратурасымен келген шығынды анықтау мақсатында аймақтық инспекцияға тиісті тексеру шараларын жүргізу жөнінде ұсыныс білдірілді», – деп жазылған облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шығыс ақпарат
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде