USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көліктегі балаға абай болу ережелерін үйретті

Көліктегі балаға абай болу ережелерін үйретті
Облысымызда 1-10 маусым аралығында көлік жүргізуде белсенді емес қауіпсіздік құралдарын қолданудың ережелерін сақтауға және насихаттауға бағытталған «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі» атты кең ауқымды түсіндіру науқаны өткен болатын.

Аталған шаралар аясында облыстық жергілікті полиция қызметі бөлімінің инспекторы Айгүл Белгібаева Өскемендегі Ана мен бала орталығына барып, болашақ аналармен кездесу өткізді, оларға жол ережелерін сақтау қажеттілігі туралы айтып түсіндірді.

Кездесуде әсіресе, автобесікті немесе автоорындықты көлікке дұрыс орнатып, оған баланы отырғызу мәселесіне ерекше ден қойылды.
Бұдан кейін жиналғандарға ішкі істер министрлігінің жол жүру қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат материалдары таратылды.

Нұржан Кенжеұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде