USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

"Вегетариан-қазақ" деген ұғым пайда болыпты

"Вегетариан-қазақ" деген ұғым пайда болыпты
19-ғасырдың бірінші жартысында пайда болған вегетарианшылық бағыт жайында қоғамда әртүрлі пікір қалыптасқан. Қалай дегенмен, бүгінгі таңда бұл үнділік бағыт біздің өмірімізден де біртіндеп өз орнын тауып келеді.

2014 жылғы мәліметке сенсек, әлемде бір миллиардтан астам адам, яғни жер шарындағы жалпы халықтың алтыдан бір бөлігі вегетариандық екен. Осы адамдар неліктен үнділік өмір сүру тәртібін тандаған? Статистикаға жүгінетін болсақ, 261 вегетариандықтың 111-і (42,5 пайыз) этикалық себепке байланысты, 61-і (23,4 пайыз) денсаулығын жақсарту мақсатында, 48-і (18,4 пайыз) жануарларға жаны ашитындықтан, 38-і (14,6 пайыз) діни сенімдеріне қарай, 3-і (1,1 пайыз) ата-анасы вегетариандық болғандықтан ет жеуден бас тартқан көрінеді.

– Менің ет жемегеніме шамамен бір жыл болды. Маған гастрит деген диагнозды қойғаннан кейін, вегетарианшылық бағытты ұстану керек деген шешімге келдім. Нәтижесінде іш құрылысымдағы зат алмасу жақсарып, асқазанымның жұмысы дұрысталды, қазір өзімді жеңіл сезінемін, – дейді осындай бағытты таңдаған жастардың бірі - студент Айзада Биболова.

Десек те, вегетарианшылықтың зиянды тұстары да жоқ емес. Мамандардың айтуынша, қатал диетаның нәтижесінде адамда В12 (цианкобаламин) дәруменінің жетіспеушілігі байқалады. Вегетариандық анасының сүтін емген нәресте цианкобаламиннің жетіспеуінен анемия ауруына шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар, мектеп жасындағы вегетариандық бала артық салмақ ауруларымен ауырмағанымен, ақуыз, темір, мырыш, кальций және В, D дәрумендерінің жетіспеушілігіне шалдығады.

Осыған орай, бүгінгі қоғамда вегетариандық бағытқа қарсы жандардың да саны көбеюде.

Гүлжан Естаева


Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде