USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде ҰБТ-дан екі түлек 124 балл жинады

Өскеменде ҰБТ-дан екі түлек 124 балл жинады
Өскеменде 865 оқушы ҰБТ тапсырды. Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, биылғы түлектердің орташа жинаған балы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі пайызға өскен.

Өткен жылы 65 пайыз болса, биыл 67 пайызды құрап отыр. Ал қалған оқушылар өз еркімен дәстүрлі түрде емтихан тапсыруды жөн деп шешсе, енді бірі денсаулық жағдайына байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан.
Айта кетейік, биыл түлектердің ішінде 306-ы таңдау пәні ретінде физикадан тапсырыпты. Ең аз таңдалған пән – неміс тілі. Аталмыш пәннен жеті оқушы бағын сынап көрген.

Қаладағы № 3 білім ошағы мен № 44 мектептің оқушылары 124 балл жинап, жоғары көрсеткіш көрсеткен. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 117 оқушы межелі 50 баллды жинай алмаған.

Межелі балды жинай алмаған бітірушілер биыл қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында 1-8 тамыз аралығында қабылданады, ал тестілеу 19-24 тамыз айының аралығында өткізіледі.

Ажар Сағатбекова
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде