USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тайынтыға қуаты 24 мВт болатын жел электр стансасы биыл салынатын болды

Тайынтыға  қуаты 24 мВт болатын жел электр стансасы биыл салынатын болды
Соңғы төрт айдың қорытындысы бойынша Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалған. Бұл туралы арнайы брифинг барысында аудан әкімі Дәулет Батырбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір өңірде тау-кен өндірісін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бірінші кезекте аудандағы «Восток Асфальт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қараөзек кенішінде габбро-диабаз өндіруге рұқсат алуына байланысты болып отыр.

Бұған қоса, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60-шы қадамын іске асыру аясында және жеке инвестицияларды тарту есебінен өңірде жаңа тауарлы-сүт фермалары салынуда. Мәселен, былтыр екі сүт фермасы ашылса, биыл тағы төртеуі қолданысқа берілмек. Бұл мақсатқа 612,6 миллион теңге бөлінген.

Дәулет Батырбаевтың айтуынша, ауданда жыл басынан бері 11,8 мың тонна ет, 13,1 мың тонна сүт және жеті миллионға жуық жұмыртқа өндірілген.

Сондай-ақ, биыл «Spain Consalting» ЖШС мен алмандық HUBEI HONGYUAN POWER ENGINEERING компаниясының қаржылай қолдауымен Тайынты ауылында қуаты 24 мВт болатын жел электр стансасы салынбақ.

Ұлан ауданында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мәселен, былтыр аталмыш бағдарлама бойынша білім және денсаулық сақтау салаларының 25 маманына көтерме жәрдемақы төленсе, биыл тағы 10 маман осындай көмекке ие болмақ.

Нұржан Кенжеұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде