USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұхтар Тайжан діни радикализмның орын алуына түрткі болған негізгі 5 себепті атады

Мұхтар Тайжан діни радикализмның орын алуына түрткі болған негізгі 5 себепті атады


Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан соңғы күндері дүрбелең тудырған діни радикализмнің пайда болып, оның өршуіне себеп болған негізгі 5 себепті атады. Аталмыш мәселені ол өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

1. Білім жүйесіндегі 25 жыл бойғы үдемелі реформалар.
2. Пара беру экономикасы, сыбайлас жемқорлық, яғни, ағасы мен көкесі болмаса, жас тар өмірін жақсарта алмайды.
3. Әділеттілік түсінігінен мемлекеттің жоғары тұруы. Әділеттік жоқ. Барлық жерде алдап-арбау, ұрлау, қамау, жастарды еш жерде, ешкім тыңдағысы келмейді. Оның баспана мәселесі шешілмейді, оған ешкім жұмыс бермейді.
4. Билік өз халқының мәселесін, бәрінен бұрын кедейшілікті көрмейді. Оның орнына билік жалған форумдар және Астана күні сынды қымбат маскарадтарда «шомылып» жүреді. Бұл - талғамы жоқ бояу, бутафория. Ал шындығында халық қатты қиналып жүр.
5. Мемлекетте ұлттық идеология мүлдем жоқ. Біздің тіпті, өз ақпараттық кеңістігіміз де жоқ. Ал ресейлік насихат — атыс-шабыс, өлтіру, балағаттау, автоматтар, тапанша… Міне, осы виртуалды шындық нақты өмірімізде көрініс тауып, ақиқатқа айналды.
Егер ешнәрсені өзгертпесек, онда бәрі енді басталады. Өйткені, олар подъезд жанында қарауылдай салатын оппозиционерлер емес немесе бейбіт тұрғындарды автобусқа бөгіп, тығындап әкете салатын жағдай емес. Шұғыл түрде экономикалық және ішкі саясатты өзгерту керек, жаңа адамдарды жұмысқа алыңыздар, халықпен байланысқа шығу үшін «шлюзды» ашыңыздар. Оларды тыңдап, нақты қорытынды жасаңыздар!», - деп жазады қоғам белсендісі.

Дарын Нұрсапаров
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде