USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей тұрғыны банкоматты кірпішпен ұрып сындырды

Семей тұрғыны банкоматты кірпішпен ұрып сындырды
Әйелімен қатты ұрсысқан Семей қаласының тұрғыны жанында тұрған банкоматты қолына түскен кірпіш сынығымен ұрып сындырды.

№2 қалалық сот материалдарына жүгінсек, әйелімен телефон арқылы ұрысқан жігіт ашуын банкоматтан алған сияқты. Оқиға наурыз айының 15-де болса да, бұзақыға кеше үкім шығарылды.

Көңілді отырыстан қайтып келе жатқан ол, телефон арқылы жұбайымен жанжалдасып келе жатқан. Сөйлесіп болған соң қолына түскен кірпішпен жанындағы банкоматқа қатты екі соққы жұмсаған.

Келтірілген шығын көлемі – 400 мың теңге. 26 жастағы жігіт өз кінәсын толық мойындады. Сот ашушаң жігітті екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дарын Нұрсапаров
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде