USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ата-аналар мектеп формасын қай жерден алам десе де өз еріктері, тек қойылатып жалпы талапқа жауап берсе болғаны.

 Ата-аналар мектеп формасын қай жерден алам десе де өз еріктері, тек қойылатып жалпы талапқа жауап берсе болғаны.
2016 жылдың 14 қаңтарында Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында бірыңғай мектеп формасын енгізу жөнінде бұйрық шығарған болатын. Жаңа киім үлгісінің қандай болатынын ата-аналардың өздері шешуге тиіс еді. Мектеп ұжымынан соңғы тоқсанда ата-аналармен жаңа форманың үлгісін бекіту бойынша жұмыс істеу талап етілген-ді.

Облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Садықова түскен шағым және ұсыныстардың қорытындысы бойынша арнайы жиналыс өткізді. Оған мектеп директорлары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары және арыз келіп түскен оқу мекемелеріндегі ата-аналар комитетінің өкілдері шақырылды.

Түскен өтініштерден белгілі болғандай, білім ошақтарында жаңа киім үлгісінің талаптары талқыланбаған. Оның орнына мектеп басшылықтары ата-аналардан жаппай қаражат жинауға кірісіпті.

- Мектеп формасына қойылатын талаптарды ата-аналар бекітуі тиіс. Сіздер ешқандай тасымалдаушыларды іздемеулеріңіз керек! Бұл сіздердің функционалды міндеттеріңізге кірмейді, - деді Айжан Садықова мектеп директорларына. - Ата-аналар мектеп формасын қай жерден алам десе де өз еріктері, тек қойылатып жалпы талапқа жауап берсе болғаны. Мектеп әкімшілігі ата-аналарға киімді қайдан сатып алу жөнінде нұсқау бере алмайды!

Басқосуда білім бөлімінің басшыларына бірыңғай мектеп формасының талаптарын талқылау және бекітуге қатысты тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

Айна Ескенқызы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде