USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда не істеу керек?

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда не істеу керек?
5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейін белгіледі.

Жағдайды ескере отыра ҚР ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант В.З. Жұмақанов ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгілегенін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

«ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттар мониторингі жүйесі мен террорлық акт қаупінің тууы туралы тұрғындарға хабарлаудың мемлекеттік жүйенің ұйымдастырылуы мен істеуі ережесінің 4 тарауына сәйкес Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленген» деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда ұсталатын тәртіп бойынша ұсыныстар:

Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар.
Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар.

Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер.
Ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар.
Дүрлігуге жол бермеңіздер.

Казинформ
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде