USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендегі Спорт сарайының маңында 14 жастағы бала Үлбіге ағып кетті

Өскемендегі Спорт сарайының маңында 14 жастағы бала Үлбіге ағып кетті

Үлбі жағасында достарымен ойнап жүрген 14 жастағы ұл бала өзенге құлап, жағаға қайта шыға алмай қалды. Құтқарушылар баланың денесін әлі іздеп жатыр.

Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша, қайғылы оқиға 6 маусым күні кешкі сағат 18:30-дар шамасында, Спорт сарайының маңында болған.

-14 жастағы ұл бала өз қатарластарымен су жағасында жүрген. Қазір оның неге суға құлағаны анықталып жатыр. Судың ағыны әзірге қатты, жасөспірімнің жағаға шығуға шамасы жетпей қалған,-дейді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары.

Құтқарушылар тұрғындардан су жағалауларында балаларын қарусыз қалтырмауын сұрайды. Тау өзендері әлі толық тасып бітпегендіктен, ағыны қатты өзендерге шомылыу немесе жақындау әзірге өте қауіпті.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде