USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шілікті маңында әлі де зерттелмеген, бірақ аяусыз тоналған 200-ден астам қорым бар

Шілікті маңында әлі де зерттелмеген, бірақ аяусыз тоналған 200-ден астам қорым бар
Қазақстанда екінші «Алтын адам» Шілікті жазығынан табылғаны белгілі. Оны тапқан Әбдеш Төлеубаев үшінші археологиялық топқа жетекшілік жасайды.

Археолог Шілікті маңында әлі де зерттелмеген, бірақ аяусыз тоналған 200-ден астам қорым, бейіттің бар екенін айтады. Одан бөлек Тебіске, Базар, Қарғыба өзендерінің бойында үйсін мәдениетінің жұрнақтары жатқан көрінеді. Бұл жұмыстарға ШҚМУ, Шәкерім, ҚазҰУ сынды оқу орындарының 65 студентімен бірге белгиялық және ресейлік ғалымдар, итальяндық геоархеолог, PhD санатындағы доктор Ренато Сала атсалысады.

Өңірлік кешенді бағдарлама аясында бұлардан бөлек, Абай ауданындағы Қырықүңгір және Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы атты тарихи орындарда қазба жұмыстары жүргізілмек.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде