USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ертістегі көпірдің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Ертістегі көпірдің  жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

- Күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқан Ертіс үстіндегі көпір құрылысы қашан аяқталады? 2016 жылы толық пайдалануға беріледі деген көпір реконстукциясы әлі ұзаққа созыла ма?

Бұл сұраққа Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов жауап береді:

- Есіңізге сала кетейін, көпірге жаңа металл конструкцияларды орнатып бекіту, көпірдегі қозғалыс аумағын ұлғайту жұмыстары 2014 жылдың маусымында басталған. Жұмыс 2016 жылы аяқталады деп жоспарланған болатын.
Қалалық мәслихаттың бірлескен комиссиясының отырысында көпірді жөндеуге бөлінген ақша 327 миллион теңгеге дейін азайтылғаны туралы айтылған. Осыған сәйкес, жобаны аяқтау мерзімі алдағы жылдың көктеміне дейін шегеріліп отыр. 2015 жылы біз жобаны қаржыландыруға 2,5 млрд. теңге сұрадық. Ал бөлінген қаржы тек 1,5 млрд. қана. Осыған байланысты біз қажетті металл өнімдерін сатып ала алмадық. Енді 1 қазанға қарай, өткелдің екінші бөлігін аяқтап, КШТ-дан қалаға қарай қозғалатын бағыттың асфальтын төсейміз. Ескі көпір орнында қала береді. Көлік қозғалысы қалпына келген соң, ортаңғы бөлікті бұзып, оған жаңа тіреулер қоя бастаймыз. Одан ары қарай, қыстан кейін, яғни жылыту маусымы аяқталған соң 2017 жылдың көктемінде көпірдің екі бөлігін біріктіреміз.

Дарын Нұрсапаров
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде