USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шемонайхада 20 жыл жөндеу көрмеген тас жол жөнделіп жатыр

Шемонайхада 20 жыл жөндеу көрмеген тас жол жөнделіп жатыр

Шемонайха ауданының әкімі Амангелді Тоқтаров журналистер қойған сұрақтарға жауап берді. Брифингте шалғай ауылдардың тұрғындарының жаппай қалалы жерлерге немесе аудан орталығына қоныс аударып жатқандығы сөз болды.

- Әсіресе шекаралық аймақтардағы «қайсыбір ауылдардан түрлі себептермен көшіп жатқандар жоқ» деп айта алмаймын, – дейді осы мәселеге түсінік берген А.Тоқтаров. – Ауылдан елдің кетпеуін ойласақ, ең әуелі сол жердегі халыққа күнделікті қажет мектеп, балабақша, аурухана, дәріхана, дүкен т.с.с. әлеуметтік маңызы бар нысандарды мүмкіндігінше сақтап қалуымыз керек. Тағы бір маңызды нәрсе – ауыл мен ауыл арасындағы қатынас жолдарының ахуалы. Оларды тақтайдай етіп асфальттап тастамасақ та, жыл сайын жамап-жасқап, ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қыс айларында жауған қарды уақытында тазалап тұру қатаң бақылауымызда. Осы жерде 20 жылдан бері бірде-бір рет жөндеу көрмеген Шемонайха – Секисовка тасжолының жөндеу жұмыстары басталғанын айта кеткім келеді. Оған өзіміздің «Қазақмыс» корпорациясының «ВостокЦветМеті» 700 млн. теңге қаражат бөліп отыр.

Серік Құсанбаев
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде