USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Е-қоспасы туралы не білесіз?

Е-қоспасы туралы не білесіз?

Әр адам тұтынушы болып саналады. Барлық адам материалдық қажеттіліксіз өмір сүре алмайды. Сұраныстардың барлығын көптеген дүкендер мен сауда орындарынан сатып аламыз. Үнемі болмаса да тауар талапқа сай болмай сапасы төмен, тез бұзылуына байланысты өкініп те жатамыз. Сондықтан да, тауар сатушы мен сатып алушы арасында белгіленген заңға сәйкес қарым-қатынас сақталғаны орынды болар еді. Қазір күнделікті сұранысқа лайықты тауарлардың саны өте көп және қалаған мөлшерде ала аламыз. Алайда солардың арасында күнделікті пайдаланып жүрген тауардың, оның ішінде тамақтың зияны тие беретінін көп біле бермейміз.

4 мамыр 2010 жылы «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заң республикамыздың барлық аймағына қолданысқа енгізілгенін білеміз. Елбасы қол қойған осы заң, тұтынушылардың экономикалық, әлеуметтік қорғалуын және оларға қауіпсіз, сапалы тауар түрлерімен қоса, қызмет көрсету тәртібін де айқындап берді. Заңда тауар шығарушы мен тұтынушы, яғни сатып алушы мен сатушының құқық талаптары белгіленген. Ең бастысы осы қабылданған заң республика азаматтарының тұтынушылардың заңға сүйене отырып сауатты тұтынушы бола біліп, өз құқығын, сапалы өнім алып денсаулығын қорғауға, нығайтуға бағытталған. Соңғы уақытта байқалып отырғандай түрлі тамақ өнімдерінің ұзақ мерзімде сақталуын, түс-өңін қамтамасыз ету үшін, тауар сатушылар өнімдерін өткізу үшін түрлі айла әрекеттерге баруы дәлел болып отыр. Ол дегеніміз тамаққа, тағамдарға түрлі қоспалар мен әрлеуіштер қосылатын болды. Алуан түрлі бояғыштар стабилизаторлар, консерванттар тағам құрамына енгізілді.

Қазіргі таңдағы өнімдердің барлығына дерлік қосылатын, зерттеушілер үшін даулы қоспалардың бірі - Е-қоспалары болып табылады. Е-қоспалар туралы қарапайым халық біле бермейтіні де мәлім. Жалпы айтқанда Е-қоспалары бар өнім дегеніміз - жасанды қоспалар, бояғыштар, консерванттар, және т.б химиялық қоспалар болып табылады.

Енді осы Е-қоспасының қөп, әрі жиі қолданылатындарына тоқтала кетсек. Әлем бойынша өте көп қолданылатын Е-қоспа Е-621(натрий глутаматы), яғни өнімнің дәмін күшейтетін қоспа. Ол барлық соустар, кетчуптар, кептірілген нан, чипсі, т.б. тез дайындалатын өнімдерге қосылады.

Ағзаға түскен кезде біртіндеп онкологиялық ауыруға әкеп соғатын қоспалар қанша, Е250, Е251, Е252-нитроқоспалар, бұлар шұжық өнімдеріне қосылады. Өндіруші Е-қоспаларды түс беру үшін газдалған сусындарға, кәмпиттерге, түрлі-түсті балмұздақтарға, түрлі консервіленген өнімдерге (консервіленген балық, саңырауқұлақ, компоттарға), қоюлату үшін тосаптарға, джемдерге, қоюлатылған сүтке, және тағы да басқа күнделікті қолданудан бас тарту қиынға соғатын өнімдердің барлығына дерлік қосылады.

Е924а, Е924b-көпіруді басатын қоспа. Газдалған сусындарда болады. Қатерлі ісік ауыруларына әкеліп соғады. Е951-қоспасы - бұл тәттілендіргіш және дәм күшейткіш диабетиктерге арналған өнімдерде қантты алмастырғыш болып табылады. Өзгеше атауы - аспартам. Қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған өнімдерге қосылатын бұл қоспа басты ауыртып, теріде бөртпелер шығарады, ми қызметін төмендетеді. Е-қоспаларын күнделікті әрі үзіліссіз қолданылатын болса әсер етуі бойынша түрлі ауыруға шалдығатынымыз сөзсіз. Мұндай заттардың, мәліметтер бойынша 1800-ден 2500-ге дейін түрі бары анықталған. АҚШ-та, Англияда, Австралияда осы қоспалардың адам басына шаққанда жылына 2,8 - 4 кг-ға дейін келеді екен.

Тағам түрлерінде адам қолма-қол анықтай алмайтын антибиотиктер бары сөзсіз. Үй жануарларынан алынатын өнімдерінің ұзақ сақталуы және салмағын көбейту үшін антибиотиктер де егетінін бірі білсе, бірі біле бермейді. Әрине берілген мағлұматқа сүйенсек неғұрлым сақталу мерзімі ұзақ болса, соғұрлым өнім құрамында қоспаның да мөлшерден тыс екені айтпаса да белгілі.

Қорытындылай келсек, әрбір тамақ өнімдерінің шыққан мерзіміне, қаптама сыртындағы өнімнің құрамына, сақталу мерзімі және сақталу шарттарына мән берген дұрыс. Қаптама сыртында өнім туралы ақпарат жеткіліксіз болса, ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заңының Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) иелену құқығы жайында 11 бабына сәйкес, Тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгіленген шарттарына сай оның тұтынушы өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуына құқығын пайдалана отырып өнімнің сапа сертификатын талап етуге толық құқылысыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай мүмкіндігінше өз елімізде шығарылған өнімді пайдаланған дұрыс дегім келеді. Әрине, бұл тамақты дұрыс таңдау туралы аздаған ұсыныстар ғана, қазіргі кезде тазартылған, рафинделген өнімдердің осыншалық мол екенін, және табиғи өнімдердің жеткіліксіз жағдайында, айқындалған ұсыныстар беру қиындау. Дегенмен, тұтынушы әр кезде дұрыс тағам түрлерін ешқандай қоспасыз, антибиотиксіз пайдаланса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, дені сау, қабілетті әрбір тұтынушы біздің республика байлығы болып табылатыны сөзсіз.

Мақаланы әзірлеген: «ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің ШҚО ТҚҚ Департаментінің Өскемен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ жетекші маманы Қауысова Айгуль Қалибекқызы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде