USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Астана Экономикалық Форумы-2016 қорытындысы шығарылды

Астана Экономикалық Форумы-2016 қорытындысы шығарылды

Астанада Астана Экономикалық Форумы -2016 өз жұмысын аяқтады. Екі күн ішінде 2016 жылдың 25-26 мамырда сарапшылар қатысуымен 30-ға жуық сессиялар, форумдар, шеберлік кластары, воркшоптар, семинарлар мен кездесулер өткізілді. Тақырыбы «Жаңа экономикалық шындық: білімді әртараптандыру, инновациялар және экономика» болған АЭФ алаңында әлемдік экономика дамуының негізгі қалыптары мен қиындықтары, сондай-ақ жаңа экономикалық жағдайда ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету мәселелері, микро-, макро- және жаһандық деңгейлердің бірігу процестерінде бәсекелестік саясат ролін ұлғайту мәселелері талқыланды.

Биылғы форум Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтті.

Форумның пленарлық отырысын ашып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік кезеңіндегі елдің басты жетістіктерін атап кетті: «Қазақстанның ІЖӨ 25 жыл ішінде 20 есе артты, орташа еңбекақы 17 есе артты, 2 млн.жұмыс орны құрылды. 1 млн. квадрат метрден астам тұрғын үй алаңы берілді, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету 1,5 есе артты», -деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы баяндамасының елеулі бөлігі Қазақстанның инвестициялық саясатына арналды: «Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанға 255 млрд.доллар шетелдік инвестиция тартылды». Бұдан басқа ішкі мәселеден өзге Президент әлембір бірқатар маңызды мәселелерге сөз тартты: «Әлемде табыс таратуда теңсіздік үлкен қарқынмен өсіп келеді, орта белеңдегі адамдар өмірінің деңгейі өзгеріссіз қалып, әл-әуқаты жоғары азаматтардың алға шығуы елеулі ұлғайды».

Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Президенті бірқатар жаһандық бастамаларды айтып кетті. Атап айтқанда Елбасы дамушы және артта қалған елдерде адам капиталының дамуының маңыздылығын атап кетті және БҰҰ бастамасымен Адам капиталын дамыту қорын қалыптастыруды ұсынды. Оның басты міндеті артта қалған елдерде білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту болуы керек. Бұдан басқа париж келісімі негізінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен «көк» экономиканы дамыту бойынша жол картасын әзірлеу бастамасы айтылды. Бұл құжат атмосфераға зиянды ластауларды қысқартып қана қоймай, жерді, тұщы су, биоортаны сақтау бойынша шараларды қарастыруы тиіс. Бұл жағдайда елдер ғана емес, жаһандық үлкен корпорациялар өздеріне міндеттеме алуы тиіс.

Сөз соңында Елбасы бүгінгі таңда әлемде орын алып отырған халықаралық диалогтың әр нысандарына назар аударып кетті, жаһандық және өңірлік экономикалық форумдар өткізіліп жатыр.

- Ұсынылған шешімдерді практикалық енгізудің келісуі мен үйлестірілуін қамтамасыз ету маңызды. Бұл жағдайда барлық елдердің пікірін ескеру керек. БҰҰ құрылысында немесе оның бастамасымен осындай үйлестіруді қамтамасыз ететін арнайы комитет құру қажеттігі туындап отыр.

АЭФ қорытынды отырысының спикері ретінде әлемде танылған сараптамалық қоғамның өкілдері, саясаткерлер, бизнесмендер, ірі қаржы құрылымдарының басшылары: Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведу, Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкінің Президенті (ЕБРР) Сума Чакрабарти, AliBaba Group интернет-коммерция саласындағы Қытай компаниясын құрушы, Джек Ма; Колумбия университетінің Жер институтының директоры және The Economist британдық журналдың нұсқасы бойынша әлемдегі ең маңызды үш экономистің бірі Джеффри Сакс; Кембридж университетінің профессоры, Кореяның институционалды экономисі Ха-ДжунЧанг сөз сөйледі. Пленарлық отырыс барысында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкімгері-директор Кристин Лагардтың арнайы бейне баяндамасы жоспарланған. Пленарлық отырысты «The Independent» басты экономикалық шолушысы Хэмиш Мак Рей жүргізді.

Астана Экономикалық Форумы-2016 қорытындысы шығарылды

Колумбия университетінің Жер институтының директоры Джеффри Сакстің айтуынша Қазақстан үшін дамудың екі маңызды қалпы бар: технологиялық даму және Қытаймен ынтымақтастық. Спикер Қытай экономикасының маңыздылығы мен оның қарқынды дамуын атап кетті. Жаһандық саясат мәселелері туралы айта келіп, экономист елдер арасында көптеген әлемдік қақтығыстарды шешуге үмітін білдірді: «НАТО үшін бүкіл әлемге олардың ресейлік және украиналық шекараларға жақындағысы келмейтінін жеткізу маңызды».

Жаһандану мәні мен әлемнің ашықтығы туралы баяндама жасай келіп «Alibaba Group» компаниясын құрушы Джек Ма былай деді: «Ешбір жаңа экономика өзгерте алмайтын 3 ең маңызды мәселе бар: ашықтық, қайраттылық және даналық». Спикер келтірген деректер бойынша 80 жылдардан кейін 1,8 млрд. адам - интернет ұрпағы дүние келген. Ірі интернет-компанияны құрушының өзі қайраттылық туралы өз сөзіне дәлел ретінде өз жұмысын бастағанға дейін компьютерде жұмыс істей алмағанын айтып кетті.

Жаһандық экономиканы талқылау барысында спикерлер Қазақстанның оң мысалдарын келтірді. ХВҚ директор өкімгері Кристин Лагард Қазақстанның еркін қалқыған бағам саясатына өтуі туралы шешіміне оң баға берді. Еуропа қайта құрылымдау және даму банкінің Президенті Сума Чакрабарти ел дамуын оң бағалайды: «Қазақстанның дұрыс бағытта жылжып келеді. Біз сіздердің экономика саласына қойған мақсаттарыңыз туралы білеміз».

Пленарлық отырыс АЭФ алаңында құлашын кең жайған екі күндік пікірталас пен сөзталастарына қорытынды жасады. Пленарлық отырыс спикерлері Қазақстанның және бүтін өңірдегі экономикалық жағдайына баға беріп қана қоймай әрі қарай өсуді тұрақтандыру үшін ұсыныстар берді.

АЭФ-2016 шеңберінде пікірталас және өз ойларымен алмасу ұйымдастырылып қана қоймай, елдер мен халықаралық ұйымдар және институттар өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндігіне ие болды, түрлі салаларда меморандумдар мен ұсынымдық құжаттарға қол қойылды.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 (7172) 242532, +7 701 526 30 50 телефондарына, www.forum-astana.org хабарласа аласыздар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде