USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстандық экономикалық зерттеулер институты алғаш рет «әлемнің «ойшылдар» орталығы рейтингіне кірді

Қазақстандық экономикалық зерттеулер институты алғаш рет «әлемнің «ойшылдар» орталығы рейтингіне кірді

2016 жылғы 26 мамырда Астана Экономикалық Форумының екінші күні шеңберінде Өңірлік аналитикалық орталықтардың Азия саммиті өтті (Regional Think Tank Summit).

Іс-шара ұйымдастырушысы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мен Пенсильвания университеті болды, ұйымдастырушылар арасында - Brookings institute, Chatham House, Carnegie Endowment for International Studies, Center for Strategic and International Studies, Bruegel.

Саммиттің күн тәртібінде түйінді мәселелер Батыс пен Ресей арасында геосаяси қарсылықта жалтару үшін өңір елдерінің саяси шешімдері; шикізат ресурстарының төмен бағалары мен сауда серіктестігі - елдерде экономика дамуының бәсеңдеуі проблемаларын жеңуге арналған стратегиялар; осы салада соңғы он жыл ішіндегі жеміс тәжірибесі мен тарихы.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Әсер Ирғалиев саммиті ашу баяндамасында аналитикалық орталықтар мен саяси консультация беруді дамытуды әлемдік және өңірлік дәстүрлер туралы айтып кетті, сондай-ақ Орталық Азияда аналитикалық орталықтардың даму мәселелеріне тоқталды.

А.Ирғалиев сөзі бойынша, алғаш рет Қазақстандық Экономикалық зерттеулер институты әлемнің «ойшыл» орталықтары рейтингіне - 2015 жылдың қорытындысы бойынша Аналитикалық орталықтар рейтингінің Дүниежүзілік индексіне кірді (2015 Global Go To Think Tank Index Report). Бұл рейтинг пенсильвания Университетінің «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» атты зерттеу бағдарламасының шеңберінде құралады. Экономикалық зерттеулер институты бірден төрт номинацияда аталды, олар: «Ішкі экономикалық саясат саласында жетекші аналитикалық орталықтар», «Сыртқы саясат пен халықаралық қарым-қатынастар саласында жетекші аналитикалық орталықтар», «Барынша сапалы басқарылатын аналитикалық орталықтар», «Назар аударуға тұрарлық аналитикалық орталық».

Сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институты 132-ден 71-ші орынды иеленіп «Сыртқы саясат және халықаралық қарым-қатынаста саласындағы жетекші аналитикалық орталықтар» номинациясында жүз үздік зерттеу орталықтарының қатарына кірді. Бұдан басқа Пенсильвания университеті Экономикалық зерттеулер институтын соңғы 24 ай ішінде ғылыми жетістіктері үшін 76 орын беріп барынша тиімді басқарылатын орталық ретінде бағалады.

Қазақстандық экономикалық зерттеулер институты алғаш рет «әлемнің «ойшылдар» орталығы рейтингіне кірді

Өңірлік саммит шеңберінде ұйымдастырылған «Жаңа экономикалық және геосаяси шындық дәуірінде аналитикалық орталықтар ролі» ашық пікірталасы барысында Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің жаһандық мәселелер жөніндегі институт директоры Эрик Берглоф былай деп атап кетті: «"Астана" қаржы орталығына ұқсас аналитикалық орталық құру үшін жоғары адамзаттық әлеуетке ие адамдар осында келгісі келетіндей жағдай жасау керек. Себебі олар да осындай жерден шыққан».
Аналитикалық орталық құру мәселесін талқылай келе, спикер адамзат капиаталының маңыздылығын жете бағалау қажеттігін атап кетті. Әсіресе, адамзат капиталы аналитикалық орталықтың жемісті жұмысының түйінді құраушысы болып табылатын қажетті эко жүйе болып табылады.

Жаһандық қауіпсіздікті талдау институтының Энергетика, табиғи ресурстар және геосаясат орталығының директоры Ариэль Коэн өзінің баяндамасы барысында орталықтың әлеуетті жұмыскерлері үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап кетті: «Жемісті аналитикалық орталық құру үшін бізге адамдарға ойындағысын жеткізуге рұқсат етіллетін орта керек». Коэн мырза Қазақстан сияқты дамушы рыноктар үшін әлеуетті аналитикалық орталық қызметтерінің сұраныстың бар екендігін білу керектігін айтып кетті. Жұмысқа орталық мүшелерінің достары ғана емес, президент, министрлер мен саясаткерлер қызығушылық танытуы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 (7172) 242532, +7 701 526 30 50 телефондарына, www.forum-astana.org хабарласа аласыздар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде