USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

АЭФ-2016 сессиясы: Kazakhstan investment summit

АЭФ-2016 сессиясы: Kazakhstan investment summit

АЭФ түйінді сессияларының бірінде Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа мүдделі халықаралық және жергілікті корпорациялардың жоғары басшыларының 120 өкілі қатысады. Талқылау барысында шикізат экономикасын әртараптандыру барысында Қазақстан қол жеткізген прогреске, сондай-ақ әрі қарайғы перспективалар мен жаңа инвестициядық мүмкіндіктерге негізгі назар аударылатын болады. Саммит Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың баяндамасымен ашылады, онда реформаларға қатысты Үкімет жоспары мен әртараптандыру жолында іске асырылатын түйінді саяси бастамалар белгіленеді. Түс қайта саммит қатысушылары үшін ауыл шаруашылығы, даму институттары, инфрақұрылымдар, технологиялар мен инновациялар, білім экономикасы мәселелеріне арналған бірнеше дөңгелек үстелдер жиналысы өтеді.

Сессия спикерлері:

- Кәрім Мәсімов мырза, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
- Әсет Исекешев мырза, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі
- Ганс Тиммер мырза, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік басқармасының бас экономисі
- Ричард Доббс мырза, «McKinsey Global Institute» директоры
- Дарон Аджемоглу мырза, Профессор экономики Массачусет технология институтының экономика профессоры, 2005 жылғы Джон Бейтс Кларк медалінің иегері
- Эрик Берглоф мырза, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің Жаһандық мәселелер жөніндегі институтының директоры
- Антонио Сомма мырза, ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының басшысы
- Дмитрий Панкин мырза, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы, РФ қаржы министрінің орынбасары (2013-2015жж.)
- Джанет Хекман, Қазақстандағы Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкінің директоры
- Ксавьер Сала-и-Мартин мырза, Колумбия Университететінің экономика профессоры

Астана экономикалық форумы-2016 cессиясы: «Kazakhstan investment summit».
Күні және уақыты: 25 мамыр, 09:30-18:00 сағ.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде