USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бірлігі жарасқан халық-бақытты ұрпақ кепілі

Бірлігі жарасқан халық-бақытты ұрпақ кепілі

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың қабылдаған Жарлығы бойынша жыл сайын тойланып келеді. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Бірлік мерекесін биыл Семейдегі №3 мектептің ұжымы да ерекше атап өтті. Мектеп директоры Нұржан Ахметқалиев мектептің акт залында өткен жиында ата-аналар мен оқушылар алдында Қазақстан халқының бірлігі күнінің маңыздылығына тоқталып өтті.

-Елімізде ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері үшін 1 Мамыр айтулы күн. Бұл мерекені тойлауда мектеп оқушылары да, міне белсенділік танытуда. Біз осындай шаралар арқылы оқушылардың арасындағы ұйымшылдықты, достықты насихаттай аламыз. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің ұл-қыздары оқып, білім алатын алтын шаңырақ Қазақстан халқының бірлігі күнін жыл сайын айрықша атап өтетіні рас. Барлық ұлттардың арасындағы достықты нығайтып, ынтымағын жарастыратын айтулы күнге оқушылармен қатар ата-аналардың да атсалысуы да біз үшін өте қуанышты.

Нұржан Нығметоллаұлының алғы сөзінен кейін түрлі сахналық көрсетілімдер орын алды. 1 «а» және 1 «б» сыныбының жетекшілері Баян Нұрғалиева мен Гүлмира Нұғымаровалардың ерекше тың дайындықпен келгені көрініп тұр. Олар сонау қиын жылдары қазақ жеріне көшіп келген өзге ұлт өкілдерінің қиын жағдайын сахналап, басқа елді бауырына басқан қазақ халқының ақпейілділігі мен қонақжайлылығын көрсетті. 1 «б», 1 «а» сыныбының барлық оқушылары, оның ішінде Сабина Мұратова орыс ұлтының, Ақерке, Ардақ Асылбекұлы қазақтың, Томирис Хасенова, Нариман Жұмабековтар неміс халқының ұлттық киімдерін киіп, алты-жеті жасар бүлдіршіндер екендіктеріне қарамастан, нақышына келтіре тақпақ айтып, ән салды, би биледі. Жиында белсенділік танытып, испан биін билеген, көрерменнің көзайымына айналған қыздың бірі Айназ Купиеваның анасы бірі Лунара Өтеуованы сөзге тарттық.
- Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз,-деді Лунара Өтеуова,-адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, біз онда өзіміздің туған- туысқанымыз, дос-жаранымызбен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Семейде жергілікті ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді. Мен осы маңызды күнге орай қызым Айназдың мерекеге тың дайындықпен келгенін қаладым, әрі биін үйретіп, киімін тігіп толық дайындадым. Ұстаздарымыз Баян мен Гүлмираға да ата-аналар атынан мың алғыс!

Жиында әр ұлттың өз тілінде ән шырқап, би билегенін, тақпақ айтып, тілек білдіргенін ата-аналар мен келген қонақтар тамашалады. Ал кештің қонақтары, көнекөз қариялар мен ақ жаулықты әжелер оқушыларға көргені мен білгенін, түйгені мен куә болған жайттардан естеліктер айтып берді. Осындай әдемі де әсерлі кештің соңы оқушылардың шаттық биімен жалғасты.

Раушан Нұғманбекова
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде