USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жеке сот орындаушылар іске кірісті

Жеке сот орындаушылар іске кірісті

Елбасы Жолдауында айтылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын осы жылдың 1-қаңтарынан жүзеге асырудамыз. Ұлт жоспарының 27-қадамында «Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамытып, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту керектігі» атап көрсетілген.

Жеке сот орындаушылар институты мемлекеттік сот орындаушыларына балама ретінде 2011 жылы құрылып, жұмыс істей бастады. Бұл реформа мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысын оңтайландыруға және мемлекеттік басқарудың нарықтық принциптерін енгізуді үйлестіруге бағытталды. Биылдан бастап еліміздегі атқару құжаттарын жеке сот орындаушыларына біртіндеп тапсыру жүзеге асырылуда. Яғни, мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретінде мемлекеттен өндіріп алу, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу, табиғи монополиялар субъектілерінен немесе тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілерден өндіріп алу, өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу кіреді.

Сондай-ақ мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы, мемлекет мүддесіне орай үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер телімдерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды жүзеге асырады. Ал жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретіне жататын атқарушылық құжаттарын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады. Жеке сот орындаушысы заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.

Бұдан бөлек, Жолдауда айтылғандай, мүлікті жариялау мерзімінің 2016 жылғы 31-желтоқсанға дейін ұзартылуына байланысты мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылданатын болады. Өңірімізде заңдастырылуға жатқан жылжымайтын мүліктердің нәтижесіне келер болсақ, 2014 жылдың 1-қыркүйегі мен 31-желтоқсаны аралығында – 145 нысан, 2015 жылы – 1112, ал биылғы 1-қаңтардан бүгінге дейін – 282 нысан заңдастырылған.

Азаматтардың өтініштерін мерзімінде және сапалы қарау бойынша жұмыстар облыстық әділет департаментінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің тұрақты бақылауында. Қазіргі күнде азаматтарға өтініштерін мемлекеттік органдарға электронды құжаттар формасында жіберуге мүмкіндік берілген. Өтініштің бұл формасы бүгінде қалыпқа енген. Себебі, байланыстың электронды каналы жалпыға ортақ және өтінішті ықшамдалған формада беруге мүмкіндік береді.

Айжан Нұртазина,
облыстық әділет департаментінің
бөлім басшысы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде