USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұлттық ұлан әскери психологтары бас қосқан жиын өтті

Ұлттық  ұлан  әскери психологтары бас қосқан жиын өтті

Сәуір айының 19-21 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім психологтарының біліктіліктерін арттыру мақсатында ҚР Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ахмеджанов Рашид Равильевичтің жетекшілігімен Семей қаласының 5511 әскери бөлімінде 3 күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Жиынның негізгі мақсаты әскери қызметшілердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау және жауынгерлік қызметі орындауда психологиялық тұрғыдан дайын болуға бағытталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы әскери қызметшілер арасында суицидтің алдын-алу мәселелері басты назарға алынған. Шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ахмеджанов Рашид Рамильевич психологтармен оқу-әдістемелік жиыныда 2015 жылда әскери бөлімдерде болған келеңсіз оқиғаларды қортындылай отырып, 2016 жылы әскери қызметшілер арасында қылмыс және заң бұзушылықтардың, суицидтің алдын алу мақсатында тәрбиелік шаралды жиі өткізу керектігін айтты.Ал, Семей қаласының «Шәкәрім» атындағы мемлекеттік университетінің «психология» кафедрасының психология ғылымдарының кандидаты, профессор Сатиева Шолпан Серикболсынқызы және магистр Қожабекова Жадыра Ермекханқызы әскери психологтарымен дәріс өткізіп, психолгия ғылымындағы соңғы жаңалыктарымен таныстырды. Сондай-ақ, әскери ұжымдағы кикілжіңнен туындайтын келеңсіз оқиғаларды болдырмау әрі одан шығу жолдары және әлемде басты белең алған терроризм мәселерлері терең талқыланды. Жастардың , әскери қызметшілердің теріс діни ағымдардың жетегіне кетпеуі мақсатында, психологиялық тұрғыдан көмек көрсету ерекшеліктеріне тоқталды. «Суицид диагностикасы және алдын алу » тақырыбында дәріс жүргізген Семей қаласының «психоневролиялық диспансерінің» суицидологы Кох Михайл Викторович және психолог Алтынгазина Жұлдыз әскери психологтармен пікір алмасып, өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде