USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Екі әлеуметтік нысан ел игілігіне айналады

Екі әлеуметтік нысан ел игілігіне айналады

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ жұмыс сапарымен Зырян ауданында болып, ондағы жабық хоккей модулі, мїгедектерді оңалту орталығы секілді бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысты, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Бұған дейін аталған екі нысанның құрылыс басында аймақ басшысы бірнеше мәрте болып, мердігерлер мен жұмысшыларға ғимараттарды сапалы етіп іске қосу жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Облыс және аудан басшылығының тікелей бақылауының нәтижесінде қордаланған мәселелер шешіліп, қос нысанның да құрылысы аяқталуға жақын. Облыс әкімі атқарылған жұмысқа оң баға берді.

Әрине, зыряндық спортшылардың қуанышында шек жоқ. Қаланың орталық бөлігінде орналасқан жабық хоккей модулі қолданысқа беріліп отыр. Мұндағы жұмысты «Энерготоргсервис» ЖШС 2012 жылы бастаған. Құрылыс облыс әкімдігі мен «Қазцинк» ЖШС арасында жасалған меморандумға сәйкес бөлінген қаржы шеңберінде жїргізілген. Модуль құрылысы жылдам аяқталғанымен, бағасы қымбат мұздатқыш қондырғыны сатып алу мәселесі біразға дейін басы ашық кїйінде қалып келген еді. Мәселені жергілікті билік пен мердігер облыс басшысының кезекті бір сапарында бірлесе көтерген болатын. Нәтижесінде «Парыз» қорынан қажетті қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылдың ақпанында құрылыс жұмыстары аяқталып, енді оны Зырян қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру рәсімдері жїргізілуде. Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Серік Құсымбаевтың айтуынша, бұл модульдің базасында төрт спорттық бөлімше жұмыс істемек. Олардың қатарында шайбалы хоккей, конькимен жїгіру, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек бар. Қазірдің өзінде їш жаттықтырушы жұмыстарын бастап кеткен, енді мәнерлеп сырғанау бойынша тәлімгер іздестірілуде. Жақын уақытта секцияларға балаларды қабылдау басталмақ. Мұнда 160 балаға дейін жаттығады.

Облыс әкімімен мұз айдыны їстіндегі кездесу барысында облысқа танылып їлгерген ауданның хоккейден балалар құрама командасының мїшелері заманауи талаптарға сай жаңа спорттық нысан їшін аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВКЕ шексіз ризашылықтарын білдірді. Қазір облыстық басқарманың және хоккей федерациясының ұйғарымымен Зырян қаласына кәсіби бапкер Асхат Еңсебаев келіп, жаңа нысанда жеткіншектерді тәрбиелеуді бастап та кеткен.

– Хоккеймен айналысқаныма төрт жылдан асты. Бұрын тек қыс маусымында ғана мұз їстінде жаттығып жїруші едік. Өзіміздің шеберлігімізді ересек әуесқой хоккейшілер ойынына қараумен ғана жетілдіретінбіз. Енді міне, тамаша жабық хоккей модуліміз, кәсіби жаттықтырушымыз бар. Бірнеше сабаққа қатысқаннан-ақ, көптеген жаңа тәсілдерді меңгеріп алдық, - дейді қазірдің өзінде їздік қақпашы атанып їлгерген 14 жастағы Дмитрий Макосов.

Жас хоккейшілердің жаттықтырушысы облыс басшысына алғашқы жетістіктері туралы айтып берді. Жуырда өткен облыстық «Жұлдызша» турнирінде зыряндық балалар құрамасы 14 команданың ішінде төртінші орынды жеңіп алыпты. Даниал АХМЕТОВ спортшылардың жетістігін құптай келе, оларға жиырма дана спорттық форманы сыйға тартты.
Аймақ басшысы аталмыш модуль алдағы уақытта толық жұмыс істеуі керектігін, ауқымды спорттық шаралар жиі ұйымдастырылуы қажеттігін, балалар оның игілігін барынша көруі тиіс екенін атап көрсетті.

– Хоккей модулі демалыссыз жұмыс істеуі керек, - деді аймақ басшысы. – Бұл - өте қымбат құрылыс. Салынуының өзіне 570 миллион теңге қаржы жұмсалса, бір жылғы ұсталуының өзі 150 миллионға жуықтайды. Сондықтан мұнда кїн сайын кешкі сегізге дейін балалар жаттығып, ойнауы тиіс. Содан кейін ғана ересек командалардың жаттығуына болады.

Ауданның Грехово кентінде орналасқан келесі ғимарат құрылысында жұмыс қарқынмен жїріп жатыр, келесі айда мемлекеттік қабылдауға берілмек. Мұндағы атқарылған шаруалар облыс әкімінің көңілінен шықты. Грехов кенішінің бұрынғы әкімшілік-тұрмыстық корпусын мїгедектерге арналған оңалту орталығына айналдыру шаруасы 2013 жылы бастау алған және екі жыл бұрын бітуі керек болатын. Жобаның маңыздылығы сол, мұнда тек ауданнан ғана емес, бїкіл облыстан кемтар адамдар қабылданып, денсаулықтарын тїземек. Жаңа нысан іске қосылса, кенттің де екінші тынысы ашылары сөзсіз. Себебі, кеніш жабылғасын, жұмыс орындарының тапшылығы қатты сезілген болатын. Ал мына жаңа орталықта 100 штаттық бірлік ашу жоспарланып отыр.

Өткен жылдың сәуір айында облыс әкімі нысан басында болғанында мердігер «Нео Стройкомплект» ЖШС-нің өкілі ғимаратты 2015 жылдың 1 шілдесінде тапсырамын деген. Алайда, ол уәдесін орындамады, тіпті, облыс басшысы ғимаратқа кезекті рет келгенінде төбесін де көрсетпеді. Онымен қоймай, жұмысшылардың алдында да өз міндеттемесін орындамай, еңбекақының біраз бөлігін төлемей кетті. Нәтижесінде бас мердігердің «алаяқтық» ісімен тиісті құқық қорғау органдары айналысуда. Ал бұрынғы мердігердің орта жолда тастап кеткен нысанын «Нарын Сервис» ЖШС жауапкершілігіне алып, соңына жеткізуге тақау қалды.

Аймақ басшысы атқарылған жұмыстардың нәтижесі көзге бірден тїсетіндігіне тоқталып, мұндай сенімді ұйымдарға келешекте кїрделі құрылыстарды сеніп тапсыруға болатындығын атады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жетекшісі Ниғмет Шаухиннің айтуынша, нысанның тек таза әрлеу жұмыстары қалып тұр, оны он кїн ішінде аяқтамақ. Содан кейін қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, орнатыла бастайды.

Сонымен қатар, Ниғмет Шаухин кездесу барысында облыс әкімінен осынау нысандарға қатысты біраз мәселелерді шешуге қолдау білдіруін сұрады. Мәселен, бұл нысан бойынша жауапсыз мердігердің артында энергиямен қамтамасыз етуші ұйым алдында миллиондаған теңге берешек қалыптасқан. Одан бөлек құрал-жабдықтармен толық қамтуға қаржы қажет. Бұлардан басқа жобалаушылар тарапынан қателіктер кеткені де белгілі болған. Дәлірек айтсақ, сметада жабын және жылытқыш материалдарға қаржы қарастырылмаған.

Облыс әкімі оның айтқандарын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұл мәселелерді шешуге болатындығын атады. Сонымен бірге Даниал АХМЕТОВ мердігердің оңалту орталығының жобадағы электрлі қазандығын қатты отынмен жылытылатын қазандыққа ауыстыру туралы ұсынысын да құптайтындығын жеткізді. Қазандықты қайта жарақтандыруға 15-18 миллион теңге қаржы кеткенімен, ол тез ақталмақ.

Сондай-ақ, Ниғмет Шаухин облыс басшысына Чапаев мектебін аяқтамай кеткен бұрынғы бас мердігер «Халиф Гром» ЖШС-нен өзіне тиесілі қарызды қайтарып беруге көмектесуін өтінді. «Нарын Сервис» ЖШС барлық жұмыстарды аяқтап шыққан, сол арқылы бас мердігер тапсырыс берушінің алдындағы жауапкершіліктен құтқарылған. Өкінішке қарай, «Халиф Гром» қосалқы мердігермен кїні бїгінге дейін есеп айырыспай, бой тасалауда. Облыс әкімі бұл ешқандай ақылға сыймайтын тірлік екендігін тағы бір мәрте шегелеп, бұл іспен экономикалық қауіпсіздік қызметінің мамандары тїбегейлі шұғылданатындығын, барлық мәселелерді оңды шешуге тікелей бақылау жасайтындығын айтты. Сондай-ақ, облыс басшысы жиналғандарға алдағы мамыр айында орталықтың ашылу салтанатына Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, мїмкіндігі шектеулі жандармен бірге келуге уәде берді.

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысының қабылдауында аудандағы ірі ауылшаруашылық бірлестіктерінің жетекшілері - Бородино ауылынан Қайрат Бөкежанов және Соловьево ауылынан Қаныбек Қожаханов болды. «Бородино» ЖШС биыл 600 бас сауын сиырға арналған тауарлы-сїт фермасын қайта құру жобасын іске асыруға ниетті. Ал «Соловьевские нивы» ЖШС қырманды қайта жаңғыртуда. Екі шаруашылықтың да жоспарлары нақты болғанымен, білікті кадрлар тапшылығы - кїн тәртібіндегі мәселе. Мал және егін шаруашылығына қажетті мамандарды тартуға ең алдымен баспана қажет. Сондықтан шаруашылық жетекшілері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мїмкіндіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің (90 пайыз) және ауылшаруашылық құрылымының (10 пайыз) қатысуымен жаңа баспана құрылысын қолға алмақшы. Олардың барлық қажетті құжаттары дайын. Біріншісі екі пәтерлі бес їй, екіншісі 10 баспана тұрғызуды көздеп отыр.
Облыс басшысы алдағы уақытта екі ауылшаруашылық құрылымына барып танысатындығын жеткізді. Егер жергілікті жерде нақты жұмыс қолға алынған болса, көмектесуге болады. Екеуінің де жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткен соң, тағы да жан-жақты қарастырылмақ.

Қабылдау кезінде «Соловьевские нивы» ЖШС жетекшісі Қаныбек Қожаханов Соловьево ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сутартқыш құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға қаржы салуға әзір екендігін жеткізді. Даниал АХМЕТОВ кәсіпкердің бастамасын мақұлдап, ауыл халқын сумен қамтамасыз етуге қажетті қолдау болатындығын атады.
Облыс басшысының ауданға сапары барысында Зырян қаласының тағы бір проблемалы жобасын алға жылжытуға мїмкіндік туды. Осыдан біраз жыл бұрын аудандық қазандыққа жалпы қуаты 6 МВт болатын екі турбогенераторды орнату жоспарланған болатын. Алайда, бірқатар себептерге байланысты ауқымды әрі қымбат жоба тоқтап қалған еді. Соған орай, облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ «Перспективная технология» ЖШС-нің өкілі Қайрат Ахметовпен «Аудандық қазандықта электр энергиясын өндіру арқылы орталық жылу көзін жаңғырту» жобасы бойынша кездесу өткізді. Қайрат Ахметов облыс әкіміне өзі жетекшілік ететін мекеме - Зырян қаласының коммуналдық кәсіпорны жылу орталығы мен су арнасын концессиялық басқаруға алуға ықыласты екендігін жеткізді. Аталмыш мекеме қазандықты қайта құруды да жоспарлап отыр. Оның ішінде жоғарыда аталған дербес электр қуатын өндіретін екі турбогенераторды да орнату қарастырылған. Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ бұл бастаманың дұрыс екендігіне тоқталып, тиісті облыстық басқармалар өкілдеріне жылу орталығын инвесторға басқаруға берудің моделін дайындауға тапсырма берді. Аталған жоба ары қарай облыс орталығында өтетін арнайы кеңесте барынша мұқият қарастырылмақ.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде