USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Құс фабрикасының құрылысы басталады

Құс фабрикасының құрылысы басталады

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес Үржар ауданына арнайы келген жұмыс тобы құс фабрикасы жоспарын нақтылау мәселесі бойынша жиын өткізді.

Құс өнімдері қай кезеңде де болмасын үлкен сұранысқа ие. Үржарда жоспарланып отырған құс фабрикасының қуаттылығы - жылына 30 мың тонна құс етін өндіру. ШҚО-дағы жобаның негізгі мақсаты - 817 жаңа жұмыс орнын ашу, өңір тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және үржарлықтардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Жобаның алдағы міндеттеріне аналық құсты көбейту, инкубатор, құс етін өңдейтін зауыт құрылысы, жем зауыты, логистика, ветеринариялық зертхана, әкімшілік алаңы, құстың қиын сақтау қоймасын салу сияқты ең негізгі кезеңдер кірмек.

Құс фабрикасының құрылысына бөлінетін жер телімі 220 гектарды құрайды. Инфрақұрылым «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылады. Шығыс Қазақстандағы болашақ құс фабрикасы 2016-2019 жылдар аралығында салынып бітпек.

Бейсенғазы Ұлықбек
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде