USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да мыңнан астам астам тәуелсіз бақылаушы сайлау барысын қадағалауда

ШҚО-да мыңнан астам астам тәуелсіз бақылаушы сайлау барысын қадағалауда

Шығыс Қазақстан көптеп сайлау учаскелері ашылған аймақтардың бірі. Таңертеңнен бірқатар сайлау орындарын аралап өткен БҰҰ және ЕҚЫҰ (ОБСЕ) бақылаушылары халықтың сайлауға қатысу деңгейіне оң бағаларын берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Сағат 07:00-ден бастап Шығыс Қазақстан бойынша 1075 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Әлемдік ұйымдардан келген тәуелсіз сарапшылар сол учаскелерді аралап, халықтың сайлауға қатысу деңгейін, барлығының талапқа сай өтуін бақылау үстінде.

- Халықаралық бақылаушы өкілдер Өскемен қаласынан бөлек, Семей, Зырян, Риддер қалаларына және Глубокое, Ұлан аудандарына барып, сайлаудың өту науқанын бақылауда. Әзірге ешқандай заңбұзушылық әрекеттер байқалмады. Керісінше, сайлау учаскелері ашыла салысымен, халық ағылып келіп, өздерінің дауыстарын беруде. Бұның өзі ұйымдастыру талаптарының жоғары екендігімен бөлек, тұрғындардың белсенділігін көрсетеді, - деді БҰҰ халықаралық бақылаушысы Юрий Сметанин.

Сонымен қатар, тәуелсіз сарапшы ретінде келген Барнаул әкімшілігі басшысының орынбасары Вячеслав Франк өзінің әсерімен бөлісті.

- «Барлық сайлау учаскелері уақытында ашылып, қажетті талаптарға сай жабдықталған. Сонымен қатар, дауыс берушілерге, соның ішінде зейнеткерге толық жағдай жасалуда. Сайлауға қатысқан халықтың белсенділігі бәсеңдемейді деген сенімдеміз.»

Айта кетсек, ШҚО аумағына мыңнан астам тәуелсіз бақылаушылар келген. Соның ішінде ЕҚЫҰ (ОБСЕ) ұйымынан 29, ТМД қатарынан 25 сайлау барысын бақылауда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде