USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО жастары сайлау науқанына әзірленуде

ШҚО жастары сайлау науқанына әзірленуде

Ағымдағы жылы 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депуттарының сайлауында алғашқы рет дауыс беретін ШҚО-дағы жастардың саны 18 мыңға жуық адамды құрайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан облысы Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Мемлекет үшін маңызды күні өңір жастарының белсенділігін арттыру мақсатында 2016 жылғы 16 наурыз, сағат 10.00-де бір сәтте облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Бұл менің сайлау учаскем!/Это мой избирательный участок!» акциясы басталды.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша «Бұл менің сайлау учаскем!» акциясын өткізудегі басты мақсат облыс жастарының электоральдық белсенділігін арттыру.

Акция барысында Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында жас азаматтар бір мезетте өз сайлау учаскелеріне барып, өздерінің сайлаушылардың тізімінде бар-жоқтарын тексеріп, дауыс беру үрдісі туралы негізгі ақпараттармен танысты.

- Бұл мен үшін өте маңызды күн. Акцияның ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Енді мен өз сайлау учаскемнің қай жерде орналасқанын, сайлау болатын күні не істеу керек екендігін білемін деді, - Өскемен қалалық №78 сайлау учаскесінің жас сайлаушысы Батырбай Әбілқайыр.

Іс-шараға қатысушы жастарға естелікке «Менің алғашқы сайлауым!» төсбелгілері табысталды.

Сол күні жас шығысқазақстандықтар өз сайлау учаскелерінде фотосуретке түсіп, «Жас таңдау» республикалық акциясына қатысушысы атанды. Аталған фотосуреттерді жастар www.zhastandau.kz сайты арқылы жүктей алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде