USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жас таэквондошылар халықаралық турнирден жеңіспен оралды

Жас таэквондошылар халықаралық турнирден жеңіспен оралды

Өскемендік жас таэквондошылар Екібастұз қаласында өткен «Екібастұз кубогы» атты халықаралық турнирден жеңіспен оралды. Аталмыш жарысқа еліміздің бірқатар қаласының спортшыларымен бірге, Ресей мен Қырғызстаннан келген 200-ге жуық таэквондошы қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кетерлік жайт, турнирде 6 мен 11 жас аралығындағы спортшылар күш сынасты. Өскемендік команда сапында дүбірлі додаға төрт таэквондошы, атап айтқанда, Арман Мұзапаров, Аружан Қадесова, Әли Қасымханов және Тахир Мұратов аттанған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша олардың барлығы да жүлделі орындардан көрінді.

Мысалы, 38 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Арман Мұзапаров барлық қарсыласынан басым түсіп, жарыс чемпионы атанса, дәл осы спортшы абсолютті салмақ дәрежесінде жүлделі екінші орыннан көріне білді. Турнир қорытындысы бойынша Арман «Жеңіске деген жігерлігі үшін» жүлдесімен де марапатталды.

Сол сияқты халықаралық жарыстың алтын медаліне 20 келіге дейінгі спортшылар бәсекесінде сынға түскен Тахир Мұратов та қол жеткізді. Жалпы, Тахир екі жас дәрежесінде өнер көрсетіп, екеуінде де, яғни, 5-6 және 7-8 жастағылар арасындағы сайыстарда да тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтерілді.

Екі алтын медальді тағы бір жас спортшымыз Аружан Қадесова да жеңіп алды. Ол 7-8 және 9-10 жастағы таэквондошы қыздар арасында қарсылас шақ келтірмеді. Ал 28 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен төртінші өскемендік спортшы Әли Қасымханов жарыстың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, байрақты бәсекеде намысты қолдан бермеген жас таэквондошыларымыз қоржынға бес алтын, бір күміс, бір қола медаль салып, Өскемен қаласының командасын жеңіс тұғырына көтерді. Осы орайда, спортшыларымызды жарысқа дайындаған бапкер, Қазақстан Республикасының спорт шебері Д.Тәңірбергеновтің еңбегін ерекше атап өткен орынды.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде