USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Наубайхана тегін нан үлестіріп жатыр

Наубайхана тегін нан үлестіріп жатыр

ШҚО Катонқарағай ауданында «Тегін нан» акциясы ұйымдастырылды. Акция 25 ақпаннан басталып, жыл бойы жалғастырылмақ.

Акцияға қатысушылар дүкендерден сатып алған нандарды арнайы қойылған жәшіктерге қалдырып кетіп жатыр. Нан дүкенге келген ерекше мұқтаж жандарға берілмек. Ерекше мұқтаж жандарға тегін нан беру акциясына жұмыс істейтін тұрғындар мен кәсіпкерлер қатысуда.

Акцияға алғашқылардың бірі болып аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Оразхан Тұрысбаев өз қолдауын білдірді. Бұл шара алғашында Үлкен Нарындағы жеке кәсіпкер Вера Сайбекованың «Руслан» және Гүлмира Ибраеваның «Алем Маркет» жекеменшік дүкендерінде басталған болатын. Қазір новохайрузовкалық кәсіпкер Сауле Мұхаметқайырова жекеменшік наубайханасынан аудан орталығындағы «Мадина» дүкеніне күнделікті тегін нан бөліп отыр. Аталмыш акция Үлкен Нарын, Катонқарағай, Новохайрузовка, Жамбыл және Өрел ауылдық округтеріндегі кәсіпкерлер тарапынан да қолдау тауып отыр.

Тұрсынқан Базарбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: наубайхана
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде