USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дарынды оқушылар форумы өткізілді

Дарынды оқушылар форумы өткізілді

«Алғыс айту» күніне орай Өскемен қаласында ШҚО білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өңіріміздегі дарынды оқушыларға арналған «Шығыстың жас дарындары» форумын өткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Гауһар Рахымжанованың айтуынша, өткен жыл облыс оқушыларының зияткерлік командасы үшін нәтижелі болыпты.

- Өткен жылы 112 мыңға жуық оқушы әртүрлі деңгейдегі олимпиада, конкурстар мен жарыстарға қатысты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 10% жоғары. Облысымыздың 445 оқушысы республикалық және халықаралық конкурстар, олимпиадалар мен жарыстарға қатысты. Олардың 225-і жүлдегер атанды, - дейді Гауһар Рахымжанова. - Республикалық ғылыми жобалар конкурсында, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасы мен 1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсында жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.

Аталмыш форумға жүлдегер түлектер, республикалық, халықаралық зияткерлік, шығармашылық, спорттық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаз оқушылары мен жүлдегерлері, сонымен бірге, облыстың шығармашылықпен жұмыс атқаратын мұғалімдері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Бұл күні Өскемендегі кездесу барысында оқушылар өткен жылы бітіріп кеткен түлектерге өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, оқушылар «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында және «Дарын» орталығының 20 жылдығына орай еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға дарынды жастарға қолдау көрсеткені үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, ШҚО әкімдігіне, облыстық білім басқармасына алғыстарын білдірді.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде