USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Денсаулықтарын тегін тексертіп алды

Денсаулықтарын тегін тексертіп алды

Биыл Қазақстанда тұңғыш рет Алғыс күні мерекесі кең көлемде тойланды. Осы айтулы мерекеге орай ШҚО орталығында - Өскемен қаласында емдеу мекемелерінде ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының айтысына қарағанда, қала тұрғындары облыстық онкологиялық, наркологиялық, тері-венерология, туберкулезге қарсы диспансерлердің, облыстық ЖИТС дертіне қарсы күрес орталығының мамандарына тегін қаралуға мүмкіндік алды.

- Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның басты байлығы - адамдары» деп жиі қайталайды. Дені сау ұлт қана экономикасы мығым, өркениетті мемлекет құра алады. Сол себепті біз өз тарапымыздан халықтың денін сауықтыруға, аурулардың алдын алуға қатысты шараларды жиі ұйымдастырып тұрамыз. Ашық есік күнінде шығысқазақстандықтар аталмыш емдеу мекемелеріне ешқандай жолдамасыз-ақ келіп, мамандарға ақысыз қаралып, қажетті ем-шара түрлері мен кеңестерін алды, - деді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Татьяна Ермолаева.

Аталмыш шараның аясында Өскеменде бір күннің ішінде жүзден астам адам дәрігерлердің қабылдауында болды.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде