USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауылда жұмыс істейтін адам қалмай барады

Ауылда жұмыс істейтін адам қалмай барады

Шекара шебінде жатқан ШҚО Катонқарағай ауданында бір кездері 60 мыңдай адам тұрса, қазір 26 мыңға жуық қана тұрғын қалып отыр.

- Ауданның географиялық картасынан ондаған ауылдар жоғалып кетті. Механизатор, сауыншы, малшылар да қалаға жақын аудандардағы еңбекақысы жоғары шаруашылықтарда жұмыс істегенді қалап, қалаға кетуде. 300-400 шақырымдағы шаруашылықтарға жанаржағармай, қосалқы бөлшек тасымалдау, өнген өнімді осыншама қашықтықтан облыс орталығына дейін тасымалдау, сатып алушыларға төмен бағамен ұсыну осының бәрі шалғайда жатқан аудан қожалықтарының аяғына тұсау болуда. Катонқарағай ауданында қаншама жаңа мектептер, амбулаториялар, балабақшалар салынып жатыр, егер көші-қонды азайтпаса, ол жерлерде кім емделіп, кім сабақ оқиды? Ауданда туризмді дамыту керек дейді, туристерге де қызмет көрсететін адам керек қой, - дейді аудандағы «Жас қанат» шаруа қожалығының басшысы Анатолий Матасов.

Шығыс Қазақстан облысына белгілі, байырғы диқанның ойынша, ауыл тұрғындарының көші-қонын тоқтату үшін жергілікті халыққа, шаруашылықтарға қолдау көрсету қажет. Соның бірі - шалғай аудандар шаруашылықтарына субсидия бөлу кезінде ауданның алыстығын ескере отырып, «аймақтық субсидиялау» түрін, әртараптандырылған субсидия беру жүйесін енгізу.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. күршімдік
    Күршімде де осы проблема. Тіпті "Орыстілділер азайып,газеттің оқырманы жоғалды"-дегенді сылтау қып, аудандық "Заря" газетін қазақтілді "Рауан" күршімдікгазетіне қосып "Рауан-Заря" деген аралас тілді газет шығарып қойды. Бұл-не?
Біз әлеуметтік желілерде