USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аурухана ғимаратындағы олқылықтардың барлығы қалпына келтірілді

Аурухана ғимаратындағы олқылықтардың барлығы қалпына келтірілді

ШҚО Глубокое ауданының орталығы - Глубокое кентіндегі осыдан бір жарым жыл уақыт бұрын пайдалануға берілген аудандық аурухана ғимаратында жарықшақтардың пайда болған, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан басшылығының тікелей тапсырмасымен қабырғадағы жарықшақтардың пайда болуына байланысты сараптама жасалып, тиісті шаралар қолданылды. Қазіргі уақытта мұндағы олқылықтардың барлығы 95 пайызға қалпына келтірілді. Наурыз айының басынан бастап емхана толық режимде жұмыс істейтін болады.

Жылдың басында ШҚО әкімі Даниал Ахметов аталған ғимаратта болып, жобалау институтына мән-жайды анықтап, сараптама жасауды тапсырған болатын. Мамандар қабырғаның қақырауына кәрізден аққан судың ұзақ уақыт бойы топырақты ылғалдандырып келгені себеп болды дегенді алға тартып отыр. Мұндай кемшіліктерге ғимараттың алғашқы мердігері «Құмаров және компания» ЖШС жол берген.

Жобалау институтының мамандары Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы техникалық университеттің қызметкерлерімен бірлесіп, ғимарат қабырғаларының беріктігін нығайту үшін арнайы жоба әзірлепті.

«Элхон» ЖШС мердігерлік ұйымы ғимараттың іргетасы, қабырғалары мен астыңғы және үстіңгі қабаттарын қайтадан бекемдеп, дұрыс қағылмаған діңгектерді нығайту жұмыстарын жүргізіпті. Қазіргі уақытта еденге линолеум төсеу және қабырғаны әктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: аурухана
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде