USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ҚР ҚМ ҚБК ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы ескертеді

ҚР ҚМ ҚБК ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы ескертеді

ҚР ҚМ ҚБК ШҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 28.02.2007 жылғы №234 Заңының 19 бабының 7 тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1173 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларының 4, 6, 8 тармақтарына сәйкес, ескертеді:

1) Жария мүдделі ұйымдар, жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзегеа сыруға айқындаған ұйымға заңнамада белгіленген тәртіппен, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар, осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен, Уәкілетті ұйымға «Acrobat Reader» электрондық форматында (қолқойылған және аудиторлық ұйымның мөрі мен расталған қағаз нұсқаның сканирленген көшірмесін) аудиторлық есепті де береді.

Сонымен қатар, жария мүдделі ұйымдармен қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну, қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексінің 239 - бабының 1 бөлігінің 2 тармағы және 250-бабы бойынша лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қаралғанын атап өту қажет.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде