USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жауынгер-интернационалистерді құттықтады

Жауынгер-интернационалистерді құттықтады

Ауған соғысы ТМД елдерінің - жан жарасы. Біздің ортақ тарихымыздың қаралы беті.

14 мың кеңес азаматы от кешкен бұл сұрапыл соғыс тоғыз жылға созылып, бұдан 27 жыл бұрын дәл 15 ақпанда кеңес әскерінің бауырлас Ауған жерінен шығуымен аяқталған болатын. Осы қанды қасапқа бұрынғы Жаңа Семей, Жаңа Шүлбі және Бородулиха ауданының жастық оты жалындаған, арыстан жүрек жігіттеріде қатысып, Отан алдындағы азаматтық борыштарын абыроймен өикергентін. ТМД елдеріндегі сияқты ҚР аумағында да бұл айтулы күн еш атаусыз қалған емес. Аталған күнді біздің ауданның жұртшылығы да кең көлемде атап өтіп келеді. Әрі биылғы жылы бұл атаулы күні Еліміздің Егемендігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келір отыр.

Сонымен, 2016 жылдың 15 ақпанында түсте Новошульба ауылдық округінде жауынгер-интернационалистерді құттықтауға арналған шараға ШҚО Бородулиха ауданының әкімі Г.Акулов пен аудандық мәслихаттың хатшысы У.Майжановтар қатысты. Сағат 13-00 таман ауылдық Мәдениет үйінде округ тұрғындары лықа жиналды. Фойеде мерекелік сауда ұйымдастырылды, онда ауыл тұрғындары нан-тоқаш өнімдерін, кәріс салаттарын, өздері тоқыған кәрзеңкелер сатып алып жатты. Сонымен қатар дәл осы сәтте Комаров атындағы мектептің оқушылары «Ауған жауынгерлері, біздің жерлестеріміз» тақырыбына фото көрме ұйымдастырды. Кітапханашы Л.Цвенгер және Е.Баднер «Ауған жалыны» тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастырды. Ауылдық клуб әртістері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекелік концерт дайындады, бағдарламаны Комаров атындағы мектептің мұғалімі С.Алпышев, 11 сыныптың оқушысы П.Подкорытова жүргізді. Бородулиха ауданының әкімі Г.Акулов пен аудандық мәслихаттың хатшысы У.Т.Майжанов Новошульба ауылдық округінде жауынгер-интернационалистерін әскери-патироттық мерекелерімен құттықтады. Іс-ашра соңында «Роща» ШҚ В.В.Лопатинмен Ауған соғысының ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ауған соғысы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде